конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Наурызбай ауданындағы сумен жабдықтайтын орталық т...

Наурызбай ауданындағы сумен жабдықтайтын орталық таныстырылды

Алматы Бүгін 13:18 50
Наурызбай ауданындағы сумен жабдықтайтын орталық таныстырылды

Суды тазартуға арналған заманауи жабдықтарға көп көңіл бөлінген, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры аясында журналистерге Наурызбай ауданындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаның бірі – Ақсай өзеніндегі су жинау құрылысы мен су дайындау станциясының құрылысын таныстырды. Онда аудан әкімі Нәзира Тоғызбаева жобаның қалай іске асып жатқанын журналистерге баяндап шықты.

Бұл нысан қаладағы ең жылдам дамып келе жатқан аудан үшін стратегиялық маңызға ие. Пайдалануға берілгеннен кейін ол Наурызбай ауданы тұрғындарын сапалы ауызсумен тұрақты қамтамасыз етіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға сеп болмақшы.

Қазіргі таңда нысан 98 пайызға дайын тұр. Негізгі ғимараттар мен құрылыс толық бітіп, технологиялық жабдықтары орнатылып, енді іске қосып жатыр.

«Аудандағы ең өзекті мәселенің бірі - ауызсу тапшылығы болатын. Жаңа тұрғын үй салынып, инфрақұрылым кеңейіп, халық саны артып жатыр. Соған байланысты қолданыстағы инженерлік желі осы жүктемеге төтеп бере алмай отыр. Ақсай сүзгілеу станциясының салынғаны жақсы болды. Ол енді Наурызбай ауданы мен Алматы облысының Қарасай ауданының 100 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауызсумен қамтамасыз етпек», – деді аудан әкімі.

Нысанды аралау барысында журналистерге су дайындау станциясын көрсетті. Мұнда радиалды және көлденең тұндырғыштардың, әрқайсысының сыйымдылығы 5 мың текше метр болатын таза су резервуарларының, сондай-ақ су дайындау блогының құрылысы толық аяқталған. Әкімшілік-зертханалық корпустың ішкі әрлеу жұмысы да аяқталып қалыпты.

Жобаның барлық желілік нысандары да толық дайын. Ұзындығы 5,9 шақырым болатын магистральдық су құбыры салынып, бес көлік көпірі мен алаңнан тыс газбен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды.

Суды тазартуға арналған заманауи жабдықтарға көп көңіл бөлінген. «ВодЭкоФильтр» компаниясы шығарған су тазарту кешені нысанға жеткізіліп, оны монтаждау жұмысы басталды.

Мамандардың «Алматы Су» ШЖҚ МКК-мен бірлесіп жүйені сынақтан өткізгендерін айтады. Жобалық су қабылдау құрылғылары арқылы Ақсай өзенінен су алынып, оны магистральдық су құбыры арқылы жеткізген. Технологиялық резервуар мен су дайындау құрылысы суға толтырылғаннан кейін оны бақылау мақсатындағы залалсыздандырып шығыпты.

Зертханалық талдау нәтижелері судың сапасы барлық санитарлық және техникалық талаптарға толық сәйкес келетінін растады.

Қазіргі уақытта жобаны іске асырудың соңғы кезеңі – іске қосып, реттеуді қолға алды. Бұл жұмыс нысанды ресми түрде пайдалануға берер уақыттағы міндетті кезең, ол барлық инженерлік жүйенің қалай жұмыс істейтінін тексеруге мүмкіндік береді.

Жоба өкілдерінің айтуынша, жаңа су жинау құрылысы мен су дайындау станциясын 2026 жылдың тамыз айының соңында толық іске қоспақшы.

«Қазіргі уақытта нысанның құрылысы толық аяқталды. Іске қосып, реттеп жатырмыз қазір. Соған қарамастан, қазірдің өзінде тұрғындарға су беріле бастады. Бүгінде станцияның өнімділігі сағатына шамамен 300 текше метр суды құрайды. Өздеріңіз көріп тұрғандай, барлық ғимарат пен құрылыс толық бітті, жабдықты орнаттық, қызметтік бөлмелер жабдықталды, аумақты абаттандырып болдық. Алдағы бірнеше күн ішінде іске қосу мен реттеу жұмысы мен жабдықтарды соңғы рет баптау аяқталған соң, станция жұмыс істей бастайды», – деді жоба құрылысының жетекшісі Гайраджан Турдиев.

Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаеваның айтуынша, бұл нысанды пайдалануға беру ауданның инженерлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болады. Жоба өсіп келе жатқан халықты ұзақ жылдар бойы сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп, сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын айтарлықтай арттырып, ауданның одан әрі дамуына қажетті қосымша қуат қорын қалыптастырмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сумен қамту #сумен жабдықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сайлау-2026: Ең жиі таралатын жалған ақпараттар

Бүгін 13:49

Алматының Наурызбай ауданында жаңа мектеп-интернат пен үш балабақша салып жатыр

Бүгін 13:35

Ақжарда 20 шақырым жолға асфальт төселді

Бүгін 13:29

Алматылық ардагерлер Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 13:22

Қалқаман-2 шағын ауданында 594 пәтері бар тұрғын үйді салып бітті

Бүгін 13:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);