Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданында жаңа емханалар ашылады

Наурызбай ауданында жаңа емханалар ашылады

Әлеумет 29.02.2024, 05:09 873
Наурызбай ауданында жаңа емханалар ашылады
almaty-akshamy.kz

Алматының Наурызбай ауданында алғашқы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2024 жылдың қыркүйегінде басталады.


Алматының Наурызбай ауданындағы емханалардың жетіспеушілігі мәселесін шешу және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін 2024 жылдың қыркүйегінде «Құрамыс» және «Шұғыла» шағын ауданында 500 адам қабылдайтын екі жаңа емхана және «Ақжар» шағын ауданында 200 адам қабылдайтын 1 дәрігерлік амбулатория салу жоспарланған. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.


«Наурызбай ауданының аумағында алғаш рет қыркүйек айында «Шұғыла» шағын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастау жоспарланып отыр», - деді қала басшысы.


Естеріңізге сала кетейік, Алматыда дене шынықтыру-сауықтыру кешендері балалар мен жастарды қолжетімді спорт секцияларымен қамтамасыз ету, сонымен қатар, халықты салауатты өмір салтына тарту үшін салынып жатыр. 



  • 2022 жылы Алматыдағы «Айнабұлақ», «Кемел» және «Құлагер» шағын аудандарында 3 жаңа кешен ашылды, бүгінде олар штаттық режимде жұмыс істейді. 2023 жылы «Алатау» және «Зерделі» шағын ауданында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.

  • 2024 жылы мегаполистің Түрксіб, Медеу, Алатау аудандарында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарланған. Жаңа нысандар күн сайын барлығы 2000-нан астам адамды қабылдай алады.


Бұдан басқа, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт орталығының, жеңіл атлетика манежінің, «Медеу» БТСК жаңғырту және Орталық стадионның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Наурызбай #емхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика