AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Азық-түлік инфляциясының қарқыны бәсеңдеп келеді

Азық-түлік инфляциясының қарқыны бәсеңдеп келеді

Экономика Бүгін 09:30 39
Азық-түлік инфляциясының қарқыны бәсеңдеп келеді
Сурет: primeminister.kz

Қазақстанда екінші ай қатарынан азық-түлік бағасының төмендеуі байқалады.

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары  – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте инфляцияның өзгеру динамикасы мен бағаны тұрақтандыру шаралары қаралды.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, азық-түлік инфляциясы екінші ай қатарынан төмендеген, бағаның 0,1% деңгейіндегі дефляциялық үрдіс сақталып отыр. Баға өсімінің баяулауына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары айтарлықтай әсер етуде. Жыл басынан бері бұл тауарлардың бағасы 1,8%-ға өсті. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде өсім 8,3%-ды құраған. Яғни, биыл баға өсімі 4,6 есе төмен.

Өткен аптада қант 2,4%-ға, пияз 1,7%-ға, алма мен сәбіз 0,9%-ға, күріш 0,5%-ға, қой еті 0,4%-ға арзандады. Ал нан, макарон өнімдері, сары май, тұз және шай бағасы өзгерген жоқ.

Сонымен қатар күннің суытуына байланысты қияр бағасы 4,6%-ға, қырыққабат пен қызанақ 3,7%-ға, картоп 2,4%-ға қымбаттады. Алдағы қыс және көктем айларында жылыжайда өсірілетін көкөністердің бағасын тұрақтандыру мақсатында өндірушілермен тиісті меморандумға қол қойылады.

Бағаны тұрақтандырудың тиімді жолдарының  бірі – ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері. Мұнда өндірушілер өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей ұсынады. Бұдан бөлек, 17–27 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде «Bereke Fest» және «Republic Day» акциялары өтуде. Оларға 649 сауда нысаны қатысуда. Акциялар аясында сатып алушыларға күнделікті тұтынатын тауарлар мен сұранысқа ие азық-түлік өнімдері 50%-ға дейінгі жеңілдікпен ұсынылады.

Кеңес барысында Серік Жұманғарин азық-түлік инфляциясы өскен облыстардың әкімдіктерін тыңдады. Сондай-ақ барлық өңірге ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің санын арттырып, халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдерін қолжетімді бағамен жеткілікті көлемде қамтамасыз етуді тапсырды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #баға #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Бүгін 10:04

Алматыда кітап ұсыну акциясы өтті

Кеше 23:13

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Кеше 19:09

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

Кеше 19:05

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Кеше 18:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);