AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызбай ауданын сумен қамту жобаларына 3,5 млрд...

Наурызбай ауданын сумен қамту жобаларына 3,5 млрд теңге бөлінді

Әлеумет 25.07.2024, 09:46 1,018 Bakyt
Наурызбай ауданын сумен қамту жобаларына 3,5 млрд теңге бөлінді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесу барысында аудан халқын тұрақты сумен қамту және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету басым бағыттың бірі екенін атады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қалаға қосылған біраз аумақта саяжай мен бау-бақша серіктестіктері орналасқан. Бір кездері мұнда жыл бойы пайдалануға арналмаған желілер салынды. Соның нәтижесінде шағын аудандардың тұрғындарын тұрақты түрде сумен қамтуда қиындық туындады. 

Осыған байланысты ауданда тұрғындарды тұрақты сумен және су бұру желілерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қолға алынған. Биыл шілдеде орталықсыздандыру аясында аудан әкімдігі Ақжар және Қарағайлы шағын ауданында 90 км жаңа сумен қамту және су бұру желілерін салу жұмыстарын бастады. Бұл мақсатқа 3,5 млрд теңге бөлінді. Жұмысты 2025 жылдың қазан айына дейін аяқтау жоспарланған. 

Ауданның оңтүстік бөлігінің тұрғындары Қарғалы мен Ақсайдың екі негізгі су көздерінде су лайланса судың беруі шектеледі. Бұл мәселені шешу үшін «Қарғалы» су жинағышын салу туралы шешім қабылданды. Қазір су жинағыш, магистральдық су құбыры, су дайындау станциясы және сүзгі станциясының құрылысы сынды құрылыстың 1 кезеңі аяқталды.

Екінші кезеңде су тартуды толық іске қосу үшін ұзындығы 6,5 км жаңа кәріз коллекторының құрылысын аяқтау жоспарланған. Биыл қыркүйек айына дейін бітіру көзделген. Бұл ауданның 50 мыңнан астам тұрғынын сумен тұрақты қамтамасыз етуге жол ашады.
 
Сондай-ақ, Наурызбай ауданының батыс бөлігінің 150 мың тұрғынын және Алматы облысының екі ауылын сапалы сумен қамтамасыз ететін «Ақсай» су жинағышының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жобаны 2025 жылдың қараша айында аяқтау көзделген, қазіргі уақытта жұмыс 55% бітті.

Бұған қоса, осы жылдың қыркүйек айында Тастыбұлақ және Таусамалы шағын аудандарында инженерлік желілер салу жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы шығады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2025 жылдың көктемінде бастап, 2026 жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ерболат Досаев #сумен қамту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Бүгін 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Бүгін 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Бүгін 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);