AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Науқасты теуіп құлатқан". Денсаумин видеоға қатыс...

"Науқасты теуіп құлатқан". Денсаумин видеоға қатысты пікір білдірді

Оқиға 24.11.2025, 09:25 729
"Науқасты теуіп құлатқан". Денсаумин видеоға қатысты пікір білдірді
Видео кадры

Қазнетте жедел жәрдем қызметкерлері көшеде жатқан науқасты тепкілеген видео тарады. Денсаулық сақтау министрлігі бұл видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жедел жәрдем қызметкерлері орындықта ұйықтап жатқан ер адамды аяғымен теуіп түсірген сәті бейнеленген видео тараған еді. Видео авторларының айтуынша, кадрда Қазақстанның жедел жәрдем қызметі өкілдері науқасты тиісті медициналық көмек көрсетпестен көшеде қалдырып кеткен.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәлімдемесі

"Жүргізілген талдау нәтижесі видеоға түсірілгендердің Қазақстанның жедел жәрдем қызметкерлері емес екенін көрсетті: олардың формасында ҚР жедел медициналық жәрдем бригадаларына міндетті мемлекеттік және ведомстволық айырым белгілері жоқ. Киімнің түс гаммасы мен үлгісі де Қазақстанда қолданыстағы бірыңғай стандартқа сәйкес келмейді", – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, бұл оқиға 2024 жылғы 11 наурызда Ресейдің Волгоград қаласында болғаны және сол кезде ресейлік БАҚ-та кеңінен жарияланғаны анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша кінәлілер жауапкершілікке тартылған.

"Осылайша, бұрыннан белгілі әрі тексерілген оқиғаны Қазақстанның қызметтерімен байланыстыруға тырысу - азаматтарды әдейі жаңылыстыру", – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Министрлік паблик әкімшілерін және ақпараттық ресурстардың авторларын қазақстандықтардың шынайы ақпарат алу құқығын құрметтеуге, жарияламас бұрын дереккөздерді тексеруге және мемлекеттік, әлеуметтік және медициналық қызметкерлерді әдейі қаралау мақсатындағы материалдарды таратпауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқиға #Денсаулық сақтау министрлігі #видео
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының таулы аймақтарында экологиялық акция өтті

Кеше 19:55

Алматыда Республика күніне орай таулы аумақтарды тазарту бойынша экологиялық акция өтті

Кеше 17:37

Республика күніне зияткерлік сый: Алматы мектебінің 13 оқушысы SAT-тан жоғары нәтиже көрсетті

Кеше 15:02

Республика күніне орай Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтау жеделхаттары

Кеше 13:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Кеше 12:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);