«Мыңға жуық бала шетінеп кеткен»: Қазақстандағы балалар денсаулығына қатысты тың деректер

  • 09:30, 29 мамыр 2025
«Мыңға жуық бала шетінеп кеткен»: Қазақстандағы балалар денсаулығына қатысты тың деректер Сурет: depositphotos.com

1 маусым — Балаларды қорғау күні. Бұл тек балалықтың қуанышын дәріптейтін күн ғана емес, сонымен қатар еліміздегі балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына назар аударатын маңызды күн. Аqshamnews.kz тілшісі атаулы дата қарсаңында еліміздегі бала денсаулығына қатысты негізгі мәселелерге шолу ұсынады. 

"Мыңға жуық бала шетінеп кеткен"

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған дерекке сенсек 2024 жылы елімізде 21 192 сәби мерзімінен бұрын дүниеге келген. Бұл – медицинаның тілімен айтсақ, тәуекел аймағы. Алайда солардың ішінен дүниеге есігін ашып, жарық дүниені көріп үлгерсе де 900 бала шетінеп кеткен.

Соңғы жылдары елімізде экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) көмегіне жүгінетіндер саны да артқан.

"2024 жылы ЭКО арқылы туылған балалардың саны 3775 бала. Қазақстанда ЭКО қызметіне жиі жүгінетін өңір - Алматы қаласы Былтыр 845 алматылық ата-ана жасанды ұрықтандыру қызметін пайдаланды" дейді ведомство. 

Елімізде ауру түрімен тіркелген бала саны қанша?

2024 жылдың басындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 18 жасқа толмаған балалардың саны шамамен - 6,8 миллион. Бұл ел халқының шамамен 34%-ын алып отыр. Ал Денсаумин берген дерекке сенсек жарты миллионға жуық бала белгілі бір ауру түрімен тіркеуде тұр. 

"Елімізде ауру түрімен тіркелген науқас балалардың саны 538 343 бала. Елімізде 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмектін барлық түрі негізгі ауруы бойынша тегін медициналық көмектін кепілдік берілген көлемі шеңбері және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі" делінген жауапта. 

Қандай аурулар жиі кездеседі?

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 0–17 жас аралығындағы балаларда ең жиі тіркелетін аурулар — мыналар:

  • Тыныс алу жолдарының аурулары

  • Ас қорыту жүйесі сырқаттары

  • Тері және тері асты аурулары

  • Жүйке жүйесінің бұзылыстары

  • Көру қабілетінің әлсіреуі

Олардың арасында кейбірінің көрсеткіші азайғанымен, көбі артқан. Мысалы, жүйке жүйесінің бұзылыстары 4,5%, көз аурулары 5,6%, тері сырқаттары 5,3%-ға көбейген.

Перинаталды өлім-жітім статистикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы перинаталды жағдайда 2785 өлім тіркелді, ана өлімі – 37, жаңа туған бала өлімі - 2524 бала. Соңғы үш жылда босану кезінде 8 әйел көз жұмды (2022ж. – 2 әйел, 2023ж. – 3 әйел, 2024ж. – 3 әйел).

Сондай-ақ, соңғы үш жылда Қазақстан халқының өлімінің себептері бойынша алғашқы 5 ауру түрі: қан айналымы жүйесі, нерв жүйесінің, тыныс алу органдарының ауруларынан, қатерлі ісіктерден, жазатайым жағдайлар, жарақаттану мен уланулар болатын өлім екенін еске салды ведомство. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
1
Соңғы жаңалықтар

11:44

11:36

11:26

11:05

10:49

10:31

10:30

10:29

20:55

19:15

18:55

17:51

17:48

17:20

17:10

16:45

16:19

15:58

15:51

15:40

14:53

14:48

14:27

14:24

14:23