МузАрт life экопостта: жұлдыздар экологияға бей-жай қарамайды

МузАрт life экопостта:  жұлдыздар экологияға бей-жай қарамайды Сурет: Құралай Иманбекқызы

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылған «Алматы – ортақ үйіміз» тазалық науқаны жалғасуда.

Бұл шараның басты мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, ауа сапасын бақылау және тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға ынталандыру.

Бүгін МузАрт life тобының жігіттері де игі шараның ортасынан табылды. Серікболсын Кішкенбаев пен Нұрхат Сегізбай ерекше бастамаға атсалысып, Түрксіб ауданындағы №9 экологиялық бекетке арнайы барды. Эстраданың жұлдыздары экологтармен және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге ауа сапасын бақылау жұмыстарына қатысты.


Әсем қаланың аспаны бүгін шайдай ашық. Мұндай қолайлы ауа райында қала аумағындағы тазалық шараларына қатысты барлық жұмыс өнімді болатыны сөзсіз. Жұлдыздар екі сағат бойы экопосттағы мамандармен бірге жұмыс істеп, зиянды қалдықтарды анықтайтын құралдардың көмегімен автокөліктердің газ шығару деңгейін тексерді. Бұл бастама – тек экология мамандарының ғана емес, өнер адамдарының да қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайтынын көрсетті. 

Ауаны қорғауға үлес

Әншілер көпкомпонентті газ талдағыштардың көмегімен бензин және газбен жүретін автокөліктердің пайдаланылған газдарын тексеріп, көмірсутегі, көміртегі оксиді мен диоксидінің мөлшерін анықтауға көмектесті. Осылайша, олар экологиялық талаптарға сай емес көліктердің қала ауасына тигізетін зиянын өз көздерімен көріп, пікір білдірді.

– Алматы – біз үшін ең әдемі, ең сұлу қала. Оның таза ауасы, қоршаған ортасы біз үшін қашан да маңызды. Бүгін экопосттағы мамандармен бірге жұмыс істеп, көліктердің техникалық жағдайының экологияға қаншалықты әсер ететінін түсіндік. Ауа – бәрімізге ортақ, оны қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Барша тұрғындарды көліктерінің ақауын уақтылы жөндеуге және қоршаған ортаны қорғауға жауапкершілікпен қарауға шақырамын, - дейді «Музарт-лайф» тобының әншісі Серікболсын Кішкенбаев.

Ал әнші Нұрхат Сегізбай болса, қаланың экологиялық жағдайын жақсарту үшін қоғамдық көлікті дамыту мен электромобильдерге көшудің маңыздылығын атап өтті:
– Экологияны қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Қалада тыныс алу аурулары жиі кездеседі, астма, бронхит секілді сырқаттардың басты себебі – ауадағы зиянды заттар екені сөзсіз. Бізге көліктердің экологиялық талаптарға сай болуын қадағалау өте маңызды. Қоғамдық көлікті дамыту, жасыл аймақтарды көбейту – қаламызды таза ұстаудың негізгі жолдары, - дейді өнерпаз.

•    Экологтар не дейді?

Ескі немесе жаңа көлік деп бөлмейміз

 «Реннесанс плюс» ЖШС аға эколог-операторы Әбдіхамит Аманқұлдың айтуынша, Алматы қаласы бойынша 19 экологиялық бекет жұмыс істейді. Өткен жылы 204 мыңнан астам көлік тексерілген. Оның ішінде 17%-ы экологиялық талаптарға сай келмеген.

– Біз жүргізушілерді ескі немесе жаңа көлік деп бөлмейміз, барлық көліктер бірдей тексеріледі. Кейде жаңа көлік ескіден де көп зиянды қалдықтар шығарады. Сондықтан әрбір жүргізуші өз көлігінің техникалық жағдайына мұқият болуы қажет. Экобекеттер – ауаны қорғаудағы маңызды құрал, олардың тиімділігін арттыру қажет, – дейді эколог.

Экологиялық бекетте жұмыс істеген Музарт-лайф тобының мүшелері қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жатқан мамандарға алғыс айтып, тазалық шарасына қатысушыларды Көрісу күнімен құттықтады.

«Қала тазалығы – бәріміз үшін маңызды. Алматы жалғыз, біз көппіз. Сондықтан әр азамат экологияға бейжай қарамауы керек»,– деді әншілер.
Экология – ортақ іс. Алматының тазалығын бірге қорғайық!

Экологиялық бекеттердің маңызы

Экобекеттер қала экологиясын жақсартуға үлкен үлес қосып отыр. Олар:
✔️ Ауаның ластану деңгейін төмендетеді;
✔️ Экологиялық талаптарға сай келмейтін көліктердің қозғалысын реттейді;
✔️ Тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:57

16:45

15:22

15:15

14:49

14:18

14:04

14:02

13:50

13:31

12:38

11:49

11:29

11:14

10:51

10:38

10:13

17:29

17:24

17:20

17:14

17:09

17:00

16:56

16:48