Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Мутацияланған «дельта» штамы бүкіл әлемге таралып...

Мутацияланған «дельта» штамы бүкіл әлемге таралып жатыр

Әлем 25.08.2021, 13:35 927
Мутацияланған «дельта» штамы бүкіл әлемге таралып жатыр
Сурет: Gazeta.ru

Пандемия басталғаннан бері «Дельта» инфекциясы 163 мемлекетте тіркелген.


SARS-COV-2 мутацияланған «дельта» штамы бүкіл әлемге таралып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.


Вирустың бұл модификациясы тағы 15 елде анықталды, деп жарияланды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында. Сонымен қатар, Швецияның Уппсала қаласында қосымша мутациясы бар жаңа «дельта» штамы тарала бастады. Пандемия басталғаннан бері «дельта» инфекциясы 163 мемлекетте тіркелді, «альфа» штамы 192 елде, «бета» нұсқасы 141 мемлекетте, «гамма» түрі 86 елде расталды.


Жапония


Жапония үкіметі коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шектеу ережелерін қатаңдатуға мәжбүр, елдің тағы сегіз аймағында төтенше жағдай режимі енгізіледі. Бұл шектеулер қосымша Хиросима, Хоккайдо, Мияги, Айчи, Гифу, Мие, Окаяма және Сига префектураларын қамтиды. Аталған аумақтарда төтенше жағдай 27 тамыздан бастап енгізіледі және 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Шектеу шаралары Жапонияның 47 префектурасының 21-іне таралады.


Польша


Жуық арада Польшаның Үкімет жанындағы медициналық кеңесі коронавирусқа қарсы вакцинаның үш компонентті түрін қолдану мәселесін қарастырады. Қазіргі таңда негізінен COVID-19 вакцинациясын екі компонентті үлгілері қолданылып келеді. Бұл туралы Польшаның Денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский мәлімдеді.


Индонезия


Индонезияда билік Ява мен Бали аралдарындағы коронавирусқа қарсы шаралардың 30 тамызға дейін ұзартылғанын хабарлады. Қызмет көрсету саласындағы мекемелер мен қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысы аздаған шектеулермен жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ компания қызметкерлерінің 30-50%-ы үшін қашықтан жұмыс форматы қолданылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #COVID-19 #кви
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алатау-Ақпарат» пен «Қызылжар-Ақпарат» арасында меморандумға қол қойылды

Бүгін 18:16

Алматы мен Үндістан бизнес және инвестициялық байланысты күшейтпек

Бүгін 18:01

Алматыдағы Сәтбаев көшесі халықаралық стандарттарға сай жаңартылады

Бүгін 17:42

Алматылық спортшы Түркияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды

Бүгін 17:32

Астанада Перизат Қайратқа тиесілі болған көлік аукционға қойылды

Бүгін 16:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика