конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Мұражай ұлттық мұраны насихаттайтын орталыққа айна...

Мұражай ұлттық мұраны насихаттайтын орталыққа айналды

Мәдени Алматы Бүгін 15:10 49
Мұражай ұлттық мұраны насихаттайтын орталыққа айналды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазір мұражай тарихи жәдігерді сақтайтын орын ғана емес, сонымен бірге ұлттық дәстүрді, тарихи жад пен мәдени мұраны да кеңінен насихаттайтын маңызды алаңға айналып отыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл үдерісте қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің түпнұсқасын барынша сақтауымыз керек. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қалыш осылай деп мәлімдеді.

Ғалымның айтуынша, мұражай экспонат сақтайтын орын ғана емес, қоғамға тарих пен мәдениетін тереңірек танытатын ғылыми-ағартушы орталық та.

«Әр мұражайдың жәдігері белгілі бір тарихи ақпаратты сақтайды. Тұрмыстық бұйымдар, ұлттық киім, қолөнер туындылары, құжаттар мен архив материалы арқылы ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымы мен құндылығын тануға болады», – дейді Аманжол Қалыш.

Профессордың айтуынша, жаһанданып, цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатан заманда ұлттық дәстүрдің түпнұсқалығын сақтау мәселесі өзекті болып отыр. Оның пікірінше, мәдени мұраны дәріптеу ғылыми негізге сүйеніп, тарихи деректің шынайы түсіндірмесімен қатар жүруі тиіс екен.

Мұражай қызметінің маңызды бағыты – экскурсиялық және білім беру бағдарламасын дамыту. Тақырыптық көрмелер, ғылыми дәрістер, шеберлік сабақтары мен интерактивті форматтар арқылы келіп-кететіндер Қазақстанның дәстүрі мен тарихын тереңірек танып-білуге мүмкіндік алады.

Спикердің айтуынша, жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлініпті. Осы мақсатта мультимедиялық технологиялар, виртуалды көрмелер, цифрлық архивтер мен онлайн-жобалар кеңінен қолданылып, мәдени мұраны көпшілікке қолжетімді етуге жағдай жасалып жатыр.

«Жас ұрпақ мұражайдағыны көріп қана қоймай, оның тарихи мәнін, маңызы мен қоғам дамуындағы рөлін де түсінуі қажет. Сонда ғана мәдени мұра адамның жеке болмысының ажырамас бөлігіне айналады», – деді профессор.

Аманжол Қалыш мұражайлардың қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігіне, халықтық қолөнеріне, отбасылық салт-дәстүр мен рухани құндылыққ қатысты этнографиялық материалдарды сақтаудағы рөліне де тоқталды. Оның айтуынша, бұл материалдарды жүйелеу мен ғылыми тұрғыдан зерттеу ұрпақтар сабақтастығын сақтап, жинақталған білімді кейінгі буынға жеткізуге мүмкіндік береді.

Спикер ұлттық дәстүрлерді дәріптеу ұлттық бірегейлік пен қоғамның мәдени тұтастығын нығайтудың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Оның пікірінше, бүгінде мұражайлар, ғылыми мекемелер мен этнограф мамандар тарихи мұра мен қазіргі қоғам арасындағы негізгі алтын көпір болып, халықтың мәдени кодын сақтауға қызмет етіп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұражай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздар, косплей және мыңдаған жанкүйер: Comic Con Astana биыл қалай ерекшеленеді?

Бүгін 15:59

Алматыда креативті экономиканы дамыту және қаладағы құрылыс жобаларының орындалу барысы талқыланды

Бүгін 15:48

Алматының Алмалы ауданында 30 аула жөнделді

Бүгін 15:45

Алматыда Панфилов көшесінің бір бөлігі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көріктендіріліп жатыр

Бүгін 15:43

Алан мен Айлин: еліміздегі ең танымал және ең сирек есімдер тізімі

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);