AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мұнай қоры бойынша еліміз Еуразияда екінші орында...

Мұнай қоры бойынша еліміз Еуразияда екінші орында тұр

Әлеумет 04.11.2022, 09:38 1,124
Мұнай қоры бойынша еліміз Еуразияда екінші орында тұр
Сурет: Еgemen.kz

Қазақстан – сенімді мұнай мен газ жеткізуші ел.


Қытай – Еуропа дәлізі бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдың 80 пайыздан астамы Қазақстан арқылы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ Орда резиденциясында Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті.


ҚР Президенті өз сөзінде біздің елдің экономикалық әлеуетіне, әлемде тапшы мұнай саласындағы басымдылығын атап өтті.



«Мұнай қорының көлемі бойынша Еуразияда екінші орын иеленетіні расталған Қазақстан – жаһандық энергетикалық дағдарыс салдарын жеңілдету үшін сенімді мұнай мен газ жеткізуші ел», - деді Тоқаев.



Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, көлік-транзит әлеуетінің дамуы Орталық Азия елдерінің тұтас ЖІӨ-н 15 пайызға өсуіне ықпал етуі мүмкін екенін ескерсек, Мемлекет басшысы «бүгінде Қытай – Еуропа дәлізі бойынша құрлықтағы транзиттік тасымалдың 80 пайыздан астамы Қазақстан арқылы өтетінін» атап өтті.



«Орта дәліз» деп аталатын Транскаспий халықаралық көлік бағытының энергетика мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі маңызы артып келеді», - деді Президент.



Сонымен қатар, ел басшысы еліміз цифрлық трансформацияны қолдау үшін реформалар жүргізуге кіріскенін хабарлады. Бұл жұмыстарды бүкіл әлем мойындап отыр.



«БҰҰ-ның рейтингісінде Қазақстан «электронды үкіметті» дамыту бойынша әлемнің үздік отыздығына кіреді, сондай-ақ онлайн қызмет көрсету индексі бойынша 11-орында», - деді мемлекет басшысы.



Қазақстан алдағы 7 жылда 150 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясын тартуды жоспарлап отыр.



«Қазақстанның ұстанымы өте қарапайым және айқын – біз нөлдік сомасы бар ойындарға сенбейміз. Біз «Үлкен ойындарға» емес, Еуразияның жүрегіндегі барлық адамдар үшін «Мол пайдаға» ұмтыламыз», - деп сөзін түйіндеді Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #экономика #мұнай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көлік полицейлері мен еріктілер теміржол нысандарын граффитиден тазартты

Бүгін 11:28

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары 13 еседен астам көбейді

Бүгін 11:16

Маңғыстауда Еңбек күніне орай сала үздіктері марапатталды

Бүгін 11:02

Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды

Бүгін 10:33

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына келетіндердің саны еселеп өсті

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);