AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мүмкіндіктерге жол ашқан еңбек

Мүмкіндіктерге жол ашқан еңбек

Әлеумет 24.01.2025, 17:20 1,053
Мүмкіндіктерге жол ашқан еңбек
Сурет: Kazgazeta.kz

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасуы қоғам үшін маңызды тақырыптардың бірі. Өмірдегі түрлі қиындықтарға қарамастан, еңбекке деген ынта мен талпыныс ешқандай шектеуге мойынсұнбайтынын дәлелдеген жандар бар. Солардың бірі – Марина Шапошникова.

Марина бірінші топтағы мүгедек. Ол көру қабілетінен айырылғанына қарамастан, білім алуға және өз орнын табуға деген ұмтылысын ешқашан жоғалтпаған. Политехникалық колледжді және Басқару институтын қызыл дипломмен аяқтап, мамандығын жетік меңгерген. Бұған дейін бухгалтер болып жұмыс істеген. Алайда көру қабілетін жоғалтқан соң, ұзақ уақыт бойы жұмыс табу қиынға соқты.

Қазір Марина арнайы кітапханада жұмыс істейді. Ол бұл жерде тек еңбек етіп қана қоймай, өзі секілді жандармен байланыс орнатып, жаңа достар тапты.

"Маған кітапханада жұмыс істеген ұнайды. Мұнда мен өзіме жақын орта таптым. Жұмысым қызықты, адамдармен араласамын. Әрине, кейде жалақы жеткіліксіз болып жатады. Бірақ ең бастысы – өзіме ұнайтын іспен айналысу. Мен үшін еңбек ету тек табыс көзі емес, өмірге деген құлшыныс", - дейді Марина Шапошникова

Марина мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмысқа орналасу мәселесінде басты рөлді мемлекет пен қоғамның қолдауы атқаратынына сенімді. Арнайы бағдарламалар мен мүмкіндіктер көбейсе, мыңдаған адам өз орнын табатыны анық.
Марина сияқты жандардың оқиғалары – өмірдің кез келген қиындығын еңсеруге болатынын көрсететін үлгі. Еңбек етуге деген ынта мен талпыныс ешқашан жоғалмаса, әрдайым жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Жанашырлық пен қолдау көрсетілген қоғамда барлығының өз орнын табатыны сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#еңбек #мүмкіндігі шектеулі жан #кітапханашы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);