2022 жылы сәуірдің 29-30 күндері Алматы қаласында ерекше балалар шығармашылық көрмесі өткізіледі.
Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының қолдауымен, «Almaty International Rotary Club» ҚБ ұйымдастырған көрмеге «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-нің ерекше балалары қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Алматы қаласының «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ 1 жастан 18 жасқа дейін 200-ден астам мүмкіндігі шектеулі балаларға және 18 жас асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталықтың қызмет алушылары физиотерапиялық қолдаумен қатар, оқу сабақтарына қатысады, сурет салады, мүсіндейді, шығармашылықпен айналысады, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.
Көрменің мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балалардың тамаша шығармашылық жұмыстарын көрмеде ұсыну, қалыпты жағдайдағы балалармен және ерекше қажеттіліктері бар балалар бірлескен интерактивті іс-әрекет орындалып қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру. Өйткені, белсенді өмір инклюзивті қоғамның барлық мүшелеріне бірдей қажет.
Біз қоғамды ерекше қажеттіліктері бар балаларға қарай бұрғымыз келеді, дұрыс қабылдау және қарым-қатынас жасауды үйренгіміз келеді, психологиялық шекараларды жойғымыз келеді. Қаңтар оқиғасынан кейін адамдарға өмірдің басқа жағын көрсеткіміз келеді, ашық және мейірімді болуға үйретіп, ерекше қажеттіліктері бар балалардың әлемді әдемі көзқарасы мен қабылдауына қол жеткізуге мүмкіндік беруге ынтамыз бар.
Біз бұл шараны барлық келушілер үшін қызықты еткіміз келгендіктен, көрме аясында келесі интерактивті іс-шаралар өткізіледі:
- Сон Сергейдің «Улыбка» қуыршақ театры
27 жасында Сергей Сон ауыр омыртқа жарақатын алды, бірақ соған қарамастан, ол балалар үйлері мен шіркеулерде балаларға арналған қуыршақтар, сахналық қойылымдар жасауды жалғастыруда.
Театр репертуарында орыс халқының белгілі ертегілерінің «Бауырсақ», «Үш торай», «Шортанның тапсырысы бойынша» бірнеше нұсқалары бар.
- Ким Маринаның мастика қолдан сомдау шеберлік-сыныптары
Марина Кимнің мүгедектігі бар есту қабілеті нашар - шебер. Ол таңғажайып, елестететіп орындалған туындылар жасайды. Мастикамен жұмыс жасай отырып, балалар ұсақ моториканы дамытады, бұл сөйлеуді дамытуға, қозғалыстарды үйлестіруге, есте сақтау мен логикалық ойлауға тікелей әсер етеді.
- Қолдан сомдау мен сурет салу шығармашылық алаңдары
Келушілер шығармашылық көрме алаңында «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығының балаларымен бірге қатыса алады, онда бояуға арналған гипстен жасалған мүсіншелер, сондай-ақ модельдеу мен сурет салуға арналған әртүрлі материалдар ұсынылады.
- Музыкалық нөмірлер
Концерттік бағдарламаға орталықтың қызмет алушылар және Алматы қаласының шығармашылық ұжымдары қатысады.
- Автор Ли Екатерина өзіндік инклюзия туралы кітабын оқиды.
Екатерина Ли - «Саналы ұрпақ» жобасының бастамашысы, «Элина инклюзияны біледі» кітабының авторы. Бұл кітабта кейіпкер мүгедектер арбасымен жүріп-тұратын мықты және ақылды қыз туралы айтылған ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы әңгімелейді.
Кітапты оқығаннан кейін автор қызықты және пайдалы сыйлықтармен викторина өткізеді.
- Аниматорлық интерактив әрекеттері
Мультфильмдер мен комикстердің сүйікті кейіпкерлері балалармен шағын ойындар ойнайды, сонымен қатар бет бояуы мен шарлардан фигуралар (твистинг) сыйлайды.
Барлық интерактивті шаралар көрменің барлық күндерінде қатар жүргізіледі.
Ұйымдастырушы көрме аясында мектептер мен балабақшаларға «Элина инклюзияны біледі» атты 50 кітапты сыйға тартуды жоспарлайды.
Сіздерді 2022 жылдың 29 сәуірі мен 30 сәуірі аралығында күн сайын сағат 11:00-18:00 аралығында Алматы қаласы, Абай даңғылы, 44, атындағы спорттық-мәдени кешен мекенжайы бойынша көрмеде күтеміз. Балуан Шолақ (Абайдан кіреберіс).
Кіруі тегін.
Біздің қолдаушылар: Алматы қаласы әкімшілігі, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы, мәслихат депутаттары, қала кәсіпкерлері, «Namson Family» арт-студиясы, «VR PRODUCTION» продюссерлік орталығы.
Көрмеге келіп, қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз және барлық мүдделі ұйымдар мен БАҚ өкілдерін кез келген демеушілік және ақпараттық қолдау көрсетуге шақырамыз.
Ынтымақтастық және қосымша ақпарат үшін байланысшы:
+ 7(777) 033-00-99, Нам Татьяна, Almaty International Rotary Club элект-президенті.