AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына арналған конференци...

Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына арналған конференция өтті

Мәдени Алматы 03.02.2025, 18:11 1,343
Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына арналған конференция өтті
Қазақстан Жазушылар одағының Баспасөз қызметі

2025 жылдың 3 ақпанында Алматы қаласындағы «Достық үйінде» көрнекті жазушы, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мұхтар Мағауиннің 85 жылдық мерейтойына арналған «Мұхтар Мағауин – Ұлы жазушы, ғұлама тарихшы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Конференцияны Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов ашып, Мұхтар Мағауиннің қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан үлесі туралы айтты.

Іс-шарада белгілі қаламгерлер мен ғалымдар жазушының шығармашылығына талдау жасап, оның қазақ тарихын көркемдік шеберлікпен бейнелеудегі рөлін атап өтті.

Сонымен қатар, ақындар Ұлықбек Есдәулет, Ақұштап Бақтыгереева, жазушы Зейнеп Ахметова, қоғам қайраткері Асылы Осман және басқа да тұлғалар жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Конференцияда ақындар Қорғанбек Аманжол мен Бақытбек Бәмішұлы арнау өлеңдерін оқып, әнші Нұргүл Әлқожа «Ескі жұрт» толғауын орындады. Күйші Шәміл Әбілтаев «Ақсақ құлан» және «Қубас» күйлерін тарту етті.

Шарада Мұхтар Мағауин атындағы шығармашылық орталық ашу, ескерткіш орнату және оның әдеби мұрасын жаңғырту ұсынылды. Сонымен қатар жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнематериалдар көрсетілді.

Конференция Мағауиннің ұлттық руханияттағы орнын айқындап, оның шығармашылығының болашақ ұрпақ үшін құнды мұра болып қалатынын дәлелдеді.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұхтар Мағауин #Мерейтой #Қазақ әдебиеті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);