AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Мұхтар Әуезов шығармашылығы – ұлт руханиятының тем...

Мұхтар Әуезов шығармашылығы – ұлт руханиятының темірқазығы

Барлығы 12.02.2026, 16:07 210 Сұлу
Мұхтар Әуезов шығармашылығы – ұлт руханиятының темірқазығы
ӨКҚ

2026 жылдың 11 ақпанында Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада қазақ әдебиетінің ұлы классигі, көрнекті жазушы, драматург, ғалым әрі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылық мұрасын насихаттауға арналған «Мұхтар Әуезов шығармашылығы және рухани құндылықтар» атты әдеби кеш өтті.  

Маңызды мәдени шараға М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас директоры, филология ғылымдарының докторы, академик Кенжехан Матыжанов, ақын, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып, «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры Диар Қонаев, Д.А. Қонаевтың Халықаралық қоғамдық қорының төрағасы Эльдар Қонаев, Нұрдәулет Ақыш, Гүлзия Пірәлиева, Светлана Ананьева сынды жазушылар, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ұстаздар мен жас оқырмандар қатысты.

Рухани шара аясында «Мұхтар Әуезов және ұлт руханияты» атты арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына жазушының мол мұрасы, сирек басылымдар мен зерттеу еңбектері ұсынылды. 

Шара барысында ақын, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Бауыржан Өміржанұлы Мұхтар Әуезовтің шығармашылық әлемі – қазақ мәдениетінің мәңгілік қазынасы екенін атап өтті:
«Жазушы мұрасын бүгінгі ұрпаққа таныту – біздің ортақ парызымыз. Мұхтар Әуезов қалыптастырған ұлы дәстүр – қазақ әдебиетінің даму бағдарын айқындап берген негізгі темірқазық. Біз Әуезов әлемі арқылы ұлттық болмысымызды танып, әдебиеттің жаңа биіктеріне жол аштық» , – деді Бауыржан Өміржанұлы. 

Әдеби кештің негізгі бөлімінде «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының директоры Диар Қонаев, бас ғылыми қызметкер, профессор Гүлзия Пірәлі, ардагер ғалым Санагүл Майлыбаева, сондай-ақ халықаралық байланыстар және әлем әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Светлана Ананьева мазмұнды баяндамалар жасап, жазушы еңбектерінің ғылыми маңызына тоқталды.

Алматы қаласының №128 мектеп оқушылары дайындаған әдеби көрінісі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жастардың өнері арқылы Әуезов әлемі жаңаша жарқырап, рухани жалғастықтың алтын көпірі сезілді. 

Кеш көркі өнертану ғылымдарының магистрі Сағыныш Кенжеғалиқызының орындауындағы «Мұхтар аға» әнімен ажарланды. 

Кешке шетелден байланысқа шыққан Лейден университетінің профессоры, шығыстанушы, түркітанушы ғалым Зифа-Алуа Әуезова заңғар жазушы мұрасының әлемдік ғылымдағы жоғары маңызына тоқталды:
«Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасы бүгінде әлемдік деңгейде зерттеліп жатқан теңдессіз қазына. Оның еңбектері тек өткеннің тарихы емес, ол әлі талай жаңа ұрпаққа қызмет ететіні сөзсіз», - деді ол.

Салтанатты жиында М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми еңбектері Алматы Кітапханалары жүйесіне табысталды.

Сонымен қатар әдеби кештің көркін келтіріп, өнер көрсеткен оқушылар мен белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды. Жастардың белсенділігі мен шығармашылық талпынысы Әуезов мұрасының өміршеңдігін айқындай түскені ерекше атап өтілді.

Ұлы жазушыны ұлықтаған бұл жиын Әуезов мұрасы – ұлттың мәңгілік рухани темірқазығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұхтар Әуезов #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Бүгін 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Бүгін 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 19:00

Мейрамбек Айнағұлов Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды

Бүгін 18:54

Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды

Бүгін 18:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);