Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мұхиттардың жылынуы өмірімізге қалай әсер етеді?

Мұхиттардың жылынуы өмірімізге қалай әсер етеді?

Әлеумет 03.08.2023, 09:44 1,346
Мұхиттардың жылынуы өмірімізге қалай әсер етеді?
Сурет: ашық дереккөз

Әлемдегі мұхиттардың температурасы бойынша жаңа рекорд орнады.


Дүниежүзілік метеорология ұйымның сарапшылары осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. Ғалымдардың айтуынша, бұл климат өзгеруінің тағы бір белгісі. Мұхиттың жылынуы тұрмысымызға қалай әсер етеді?


Биылғы жазда Атлант мұхитының температурасы көтерілді. АҚШ-тың шығыс жағалауында 38 жарым градусқа дейін ысыды. Ғылымдар бұған алаңдап отыр. Жаңа деректер жаһандық жылыну екенін көрсетті.



Майкл Спэрроу, Дүниежүзілік метеорология ұйымы климатты зерттеу бөлімінің басшысы: - Ғалымдар мұхиттың ысуы мен теңіздегі мұздың азаюына қатты алаңдап отыр. Өйткені мұхиттар көмірқышқыл газдың ауаға таралатын жылуының 90 процентін өзіне сіңіреді. Солтүстік Атлантикада су тым ыстық. Біздің болжамымыздан едәуір жоғары. Бұл экологиялық жүйеге, балық шаруашылығына және ауа райына әсер етеді.



Жерді көгілдір ғаламшар деп бекер атамаған. Ғаламның 70 процентін су айдыны алып жатыр. Солтүстік жартышардағы климат негізінен мұхитқа тәуелді. Көмірқышқыл газ оны жылытып, мұздықтар ериді. Ал еріген тұщы су Солтүстік Америка мен Еуропада жұмсақ ауа-райын қамтамасыз ететін маңызды ағыстардың айналымын өзгертеді. Дания ғалымдарының болжамынша, 2050 жылға қарай  Гольфстрим ағысының жүйесі өзгереді. Салдарынан, Еуропаның солтүстік батысында  құбылмалы ауа-райы орнайды. Қысы суық, жазы құрғақ болады.



Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: - Қазірдің өзінде климат өзгеріп жатыр. Бұл тек бастауы ғана. Ғаламдық жылыну дәуірі аяқталып, ғаламдық қайнау дәуірі басталды. Бүкіл елдер осыған дайындалып, өз халықтарын аптаптан, жойқын су тасқындары, дауылдар, қуаңшылық пен өрттерден қорғауы керек. 



Алайда мұндай болжаммен келіспейтін ғалымдар да бар. Олар табиғаттың тосын мінез көрсетуін қалыпты құбылыс деп санайды. Дегенмен, биылғы шілде зерттеулер тарихындағы ең ыстық маусым болып тіркелді. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұхит #жылынуы #Дүниежүзі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38

Ахметбек Қоңырбаев Президент Алғыс хатымен марапатталды

Бүгін 11:37

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика