Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мүгедектігі бар қазақстандықтар портал арқылы 270...

Мүгедектігі бар қазақстандықтар портал арқылы 270 мыңға жуық қызмет алды

Әлеумет 14.09.2021, 11:29 671
Мүгедектігі бар қазақстандықтар портал арқылы 270 мыңға жуық қызмет алды
Сурет: Dszn.ru

Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 863 медициналық-әлеуметтік мекеме бар.


Әлеуметтік портал арқылы қызмет алушы қазақстандықтар саны артып келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Ағымдағы жылдың басынан бастап 187 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы оңалтудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – ОТҚ), 6 мыңнан астам ымдау тілі қызметтерін, 32,5 мыңнан астам жеке көмекшінің қызметтерін, 44 мыңға жуық санаторлық-курорттық ем алды. Сондай-ақ, портал арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 170 мың тапсырыс рәсімделді», – делінген Еңбек және халықты әлеуміттік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады. 


Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.


Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 863 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 149 ОТҚ жеткізуші, 14 мыңнан астам жеке көмекші, 255 ымдау тілін қызметін, 69 санаторлық-курорттық емдеуді, 135 кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы жеткізушілер тіркелген. 


2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Электрондық үкімет порталында (eGov.kz) мүгедектігі бар адамдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге электрондық өтінім беру мүмкіндігі іске асырылды. Осы кезеңде Электрондық үкімет порталы арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 213 мыңнан астам құжат ресімделді. 


«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көмек #Қазақстан #портал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика