Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мұғалімдерге сыйлық беру қашан тоқтайды?

Мұғалімдерге сыйлық беру қашан тоқтайды?

Білім және ғылым 26.09.2023, 09:06 1,868
Мұғалімдерге сыйлық беру қашан  тоқтайды?
Сурет: Malim.kz

Мұғалімдердің кәсіби мерекесіне санаулы күндер қалды. Биыл Қазақстанда алғаш рет мұғалімдер күні мерекесі нақты 5 қазанға бекітілді.


Оқушылар мұғалімдер күніне орай ұстаздарына сыйлық жасай ала ма? Сыйлықтың АЕК көлемі қанша болуы керек? Заңды бұзғандарға қандай жаза қолданылады?


Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 


2020 жылы қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң бойынша мемлекеттік қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне сыйлық берушінің пайдасы үшін сыйлық, материалдық сыйақы және қызмет көрсетуге толық тыйым салынды.


«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12 бабы және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50 бабына сүйенсек, беру себебіне(мереке күндері, туған күн), сондай-ақ сыйлықтың түріне, санына, құнына және өзге де сипаттамаларына қарамастан(мысалы, тәтті, кәдесыйлар) кез келген сыйлықты беруге тыйым салынды. 


Бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұрынғы вице-министрі Шолпан Каринова ОКҚ брифингі кезінде тілшінің сұрағына жауап беріп, сыйлықтарға ресми түрде тыйым салынғанын еске салған еді.



«Біз білім беру ұйымдарына мектеп пен мұғалімдерге сыйлық беруге тыйым салынғанын ресми түрде айтып, хабардар еттік. Кез келген сыйлыққа тыйым салынады», - деді Шолпан Каринова.



Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдері мұғалімдерді сыйлық алудан бас тартуға шақырып, ұстаздар қауымы сыйлықты алған жағдайда жазаның қалай болатынын айтты.



«Мектеп директоры үшін заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - делінген хабарламада.



ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 677 бабына сәйкес Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасы — 600 АЕК айыппұл, қылмыстық үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 366 бабы - параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленеді және 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.


Сондай-ақ, ҚР азаматтық кодексіне сәйкес мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынған. Заңбұзушылық тіркелген жағдайда, ҚР Қылмыстық кодекстің 247 бабы бойынша 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #мұғалім #сыйлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлеуметтік кәсіпкерлік – тұрақты дамудың маңызды тетігі

Бүгін 12:32

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Бүгін 12:22

Алматы қаласы мәслихатының депутаты ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолдау көрсететін қорға көмек көрсетті

Бүгін 11:58

Бас прокуратура қазақстандықтарды Наурызға қатысты провокациялық мәлімдемелерден сақ болуға шақырды

Бүгін 11:53

Ертең салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады

Бүгін 11:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика