Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Карикатура сөйлесін! / Мұғалім - баланың шамшырағы

Мұғалім - баланың шамшырағы

Карикатура сөйлесін! 14.01.2022, 05:57 6,204
Мұғалім - баланың шамшырағы
Сурет: Тwitter-com.aurebeshtranslator.net

Қастерлі мамандық


Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мұғалім - мектептің жүрегі» деп баға беріпті. Алаш қайраткерінің берген бағасынан артық баға бола қоймас.


Бүгінгінің оқушысы бәрінен зерек. Былай қарап отырғанда тым көбірек білетін сияқты. Бұл технологияны жетік игере білетіндіктеріне қарата айтылған сөз. Сол қолында смартфон, айфон, айпатты ұршықша иіреді. Ал ғаламтордағы әртүрлі ойын-сауықтық видео мен қосымшаларды  үш жасар бала өзі қосып, өзі ауыстыра алатын халде. Тіпті парадокс?!


Әлқисса. Қазіргі заман - ақпараттық технологияның кезі. Мұнда өзін көрсетіп, алға ұдайы ұмтылып отырған абзалырақ. Әйтпесе, әп-сәтте шаң жұтып қалуыңыз ғажап емес. Сондықтан да, шәкірт тәрбиелеп отырған мұғалімдерге барынша заманауи болған ләзім. Онсыз нан тауып, күн көру, алға шығу, өзін таныту, әрі барғанда дәлелдеу қиын сияқты. Иә, көптің қатарында жүре беруге болады. Бірақ, одан ештеңе өнбесін уақыттың өзі-ақ дәлелдеп тұр.


Замана. Соңғы уақыттары мектеп мұғалімдерінің жалақысы артты. Оларға материалдық қолдау жағы күшейіп жатыр. Мәртебесі қалыпқа келуде. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының оқытушыларының айлығы да бұрынғыдан едеуір көбейді. Осының бәрі ғылым мен білім саласында іс атқарып жүрген азаматтардың абыройының үстемдігін көрсетеді.


ХХ ғасырдағы Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ахмет Байтұрсын, Мағжан Жұмабаевтар барлығы ғылым, білім, өнермен шұғылданған. Алаш алыптары шәкірт тәрбиелеп, баланың зейінін ашуды қолға алған. Ұлы Ыбырай Алтынсарин Торғайда мектеп ашып, «Кел, балалар, оқылық!» деп қазақ балаларына үндеу тастаған.


Түйін. Айтарымыз - игі жолға бет бұрған жас мұғалімдер тұтас ұлтты тәрбиелеп отырғандығын ұмытпаса екен!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалім #бала #шамшырақ #парадокс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика