Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Мүфтият турфирмалардан әр қажы үшін 500 доллар ала...

Мүфтият турфирмалардан әр қажы үшін 500 доллар ала ма?..

Заң мен тəртіп 03.07.2023, 07:04 1,272
Мүфтият турфирмалардан әр қажы үшін 500 доллар ала ма?..
Сурет: Aikyn.kz

«Zam-Zam Qazaqstan» туристік компаниясының  басшысы Данияр Илиевке қатысты.


«Zam-Zam Qazaqstan» (заңды атауы – «Zam Zam store») компаниясының жалған құжат рәсімдеп, қажыларды заңсыз жолмен Сауд Арабиясына апарып, жерлестерімізге жәбір көрсеткен әрекеті қоғамның назарын аударды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚМДБ Орталық аппаратына сілтеме жасап. 


Алайда «Zam-Zam Qazaqstan» компаниясының жетекшісі Данияр Илиев өзінің шариғатқа және заңға қайшы әрекетін мойындамай, мүфтиятқа жала жабумен шектелуде.
Ол «31 арна» телеарнасының «50/50» әлеуметтік ток-шоуының 2023 жылғы 29 маусым күнгі эфиріне берген сұхбатында ешқандай дәлелсіз, сөз жауапкершілігін сезінбей «мүфтият турфирмалардан әр қажы үшін 500 доллар пара алады» деген мазмұнда ауыр жала жабуда.


Мүфтият бұл ақпараттың жалған екендігін және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ кодексінің 73-3 (жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату, көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет) «Жала жабу» бабына сәйкес Д.Илиевтің үстінен сотқа шағым түсіретінін хабарлайды.



«Сонымен қатар құқық қорғау органдары қажыларды осыған дейін алдап, далада қалдырған аталған компанияның заңсыз әрекеттеріне тез арада назар аударып, заң бұзушыларды құқықтық жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қолданады деп сенеміз. 
Қазақстан азаматтарын алдағы жылдары осы секілді алаяқтардың тұзағына түсіп қалмас үшін, қажылық конкурсынан өткен, яғни қажылық сапарын ұйымдастыруға қабілетті деп танылған, мүфтият жариялаған тізімге сай туроператорлар қызметіне жүгіну қажеттігін тағы да қаперге саламыз», - делінген ҚМДБ хабарламасында. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мүфтият #Турфирма #заңсыздық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика