AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Муфаса. Арыстан патша»

«Муфаса. Арыстан патша»

Не? Қайда? Қашан? 13.12.2024, 16:30 1,549
«Муфаса. Арыстан патша»
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Disney студиясының «Муфаса. Арыстан патша» фильмінің қазақ тіліндегі гала-тұсаукесері өтеді

17 желтоқсан күні сағат 19:00-де Алматы қаласындағы MEGA ойын-сауық орталығында Disney студиясының «Муфаса. Арыстан патша» анимациялық фильмінің гала-тұсаукесер көрсетілімі өтеді. Бұл ерекше шараға тіл жанашырлары, қоғам қайраткерлері, депутаттар, дубляж актерлары, журналистер мен блогерлер қатысады.

«Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен биылдан бастап ірі халықаралық студиялар өз фильмдерін қазақ тілінде ұсынуды қолға алды. Осы бастама аясында Disney студиясы «Ойжұмбақ 2», «Моана 2» және «Муфаса. Арыстан патша» фильмдерін қазақ тіліне аударып, дубляждау жұмыстарын қаржыландырды. Қазақ тілінің халықаралық студиялар тарапынан қолдау тапқан әлемдік премьералық тілдер қатарына қосылуы – қазақ мәдениеті үшін тарихи жетістік.

«Ойжұмбақ 2» және «Моана 2» фильмдерінің қазақ тіліндегі дубляжы кассалық табыс үлесі бойынша рекорд орнатып, көрермендердің зор ықыласына бөленді. Ұйымдастырушылар бұл бастаманың қазақ тілі мен мәдениетін одан әрі дамытып, таратуға септігін тигізетінін ерекше атап өтті.

Өтетін орын мен уақыты:

  • Өтетін орны: Алматы қаласы, Chaplin MEGA кинотеатры (Розыбакиев көшесі, 247A)
  • Өтетін уақыты:
    • 20:00 – көрсетілімнің басталуы

Бұл шара қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Сіздерді осы тарихи оқиғаның куәсі болуға шақырамыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Disney #Арыстан патша #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);