AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Моральдің бір өлшемі

Моральдің бір өлшемі

Әлеумет 03.08.2021, 10:47 1,719
Моральдің бір өлшемі
almaty-akshamy.kz

Жануарларды қорғауға қатысты мәселе назарда болуға тиіс


 Күні кеше «Алтын Орда» базарынан 31 мысықтың өлімші күйде табылғаны жұртты біраз алаңдатты. Мұндай қатыгездікке жол бергендерге қатаң шара қолданылмай тұр.



Қазір жануарларға жасалған қатыгездікті көрсететін видеолар көбейіп кетті. Мұндай оқиғалар жануарларды қорғау заң жүзінде ақсап тұрғанын көрсетеді. Дегенмен, Алматыда жануарларға мейіріммен қарап, олардың жағдайы үшін алаңдайтын еріктілер қатары көбейіп жатыр. Олардың айтуынша, бізде шектеу көп. «Жануарлармен серуендеуге ыңғайлы арнайы парк, скверлер жоқ. Алматыда үй жануарларымен кіруге болатын санаулы ғана мейрамхана бар», – дейді Әуезов ауданының тұрғыны Елена. Алайда, оның да өзіндік талаптары мен ережелері бар. Мысалы, тамақтану орындарының бірі 60 см-ден аспайтын шағын көлемдегі ит-мысықтарға ғана рұқсат етсе, кейбірі тұқымына қарай кіргізеді. Тұрғындардың айтуынша, ит-мысыққа арналған арнайы ойын алаңы бар демалыс орны жоқтың қасы.



Қуантар ӘЛИХАНОВ,        


ветеринар:


 



– Ветеринария мен мал шаруашылығы мәселелерін мемлекеттің араласуынсыз реттеу, жануарды аяусыз қорлауды тоқтату мүмкін емес. Махатма Гандидің: «Әрбір ұлттың моральдік даму үдерісін жануарларға қалай қарайтындығы арқылы білуге болады», – деген сөзі бар. Расымен, ойлануға тұрарлық мәселе. ҚР Азаматтық кодексіне үңілетін болсақ, жануарлар «меншік затына» теңелген. Ал, жабайы аңдар «табиғи ресурстар» ретінде қоршаған ортаны қорғау негізінде мемлекеттің меншігінде болып есептеледі. Ендеше, оларды қорғаудың заң шеңберіндегі тәртібі бар. Алматыда 2018 жылдың басында қабылданған үй жануарларын серуендету ережесі бар. Ол жануарды күтіп-бағуға жауапкершілікті арттыруды көздейді. Дегенмен, ереженің қайта қарауды қажет ететін тұстары бар. Қазір бізге жануарларды қорғауға қатысты мәселені басты назарға алу қажеттігі туып тұр.


 



Жадыңызда жүрсін!


ҚР Қылмыстық кодексінде  көрсетілгендей, «Жануарларға қатыгездік жасау» бабы бойынша, жануарлардың өлуіне немесе мертігуіне әкеліп соққан қатыгездік, бұзақылық жас балалардың көз алдында жасалса – 120 айлық көрсеткішпен айыппұл төлеу немесе 30 тәулікке қамауға алу жазасы қолданылады. Ал егер топтық, арнайы, алдын ала келісілген түрде немесе бірнеше мәрте қайталанып жасалған жағдайда – 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады немесе 50 тәулікке дейін қамауға алынады.



 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жануар #Мораль #шара
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);