AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Моншада балалар лагерін ұйымдастырғандар сотталды

Моншада балалар лагерін ұйымдастырғандар сотталды

Заң мен тəртіп 10.04.2024, 04:23 980
Моншада балалар лагерін ұйымдастырғандар сотталды
Сурет: интернеттен

Бұл туралы былтыр хабарлағанбыз.


Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында пара алмақ болды және алаяқтық жасады деп айыпталған екі адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.


Сот нені анықтады?


М., Алматы қаласы Білім басқармасының мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас маманы бола тұра, кәсіпкер Н.-дан пара алу мақсатында оның “Б» ЖШС және «А» ЖШС компанияларын ерекше қажеттіліктері бар балалардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы деп таныған.


2023 жылдың жазында Н. өзінің жеке мектебіне 50 баланы әкелген. Сол күні балалар лагерін ұйымдастырамыз деген желеумен 300 баланы фитнес орталығы бар монша кешеніне әкелген.


Балалардың ата-аналары жеке мектеп пен фитнес-орталығы бар монша кешенінің шын мәнінде балалардың демалыс аймағына айналғанын біліп, балаларды үйлеріне алып кеткен.


М. және Н.-ның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде қолайсыз жағдайда, бейтаныс адамдардың арасында болған, оның ішінде ерекше күтімді қажет ететін балалардың жазғы демалысы бұзылған.


Сотталушылардың кінәсі іс бойынша жинақталған дәлелдемелермен, сотталушы Н.-ның кінәлі іс-әрекеттерді жасағанын мойындауымен, куәлардың айғақтарымен, мамандардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және т.б. дәлелденді.


Тараптардың позициясы


Сотталушы М., кінәсін мойындамай, соттан өзін ақтауды сұрады.


Сотталушы Н., өз кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Прокурор М. – 7 жыл, Н. – 5 жыл жаза тағайындауды сұрады.


Соттың шешімі


Сот үкімімен М., аса ірі мөлшерде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылды. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды.


Н. аса ірі мөлшерде алдау және сенімге қиянат жасау арқылы алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайларды: соттылығының болмауын, сотталушы М.-ның асырауында екі кішкентай баласының болуын және Н.-ның жасаған қылмысына өкінуін ескерді. Ешқандай ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сот #лагерь #монша #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);