AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мобильді төлемдер туралы салық нормасы 1 наурызда...

Мобильді төлемдер туралы салық нормасы 1 наурызда күшіне енеді

Әлеумет 22.12.2021, 12:44 1,381
Мобильді төлемдер туралы салық нормасы 1 наурызда күшіне енеді
Сурет: Kursiv.kz

Мобильді төлемдер тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін жүзеге асырылады.


ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, мобильді төлемдер туралы салық нормасы 1 наурызда күшіне енеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Жақында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) түзетулер енгізілді. Енгізілген өзгерістер салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға және адал бизнесті қолдауға бағытталған», - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.



Ресми органның мәліметі бойынша, заңды әзірлеуге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банктер атсалысқан.



«Бұл нормалар кәсіпкерлік мақсаттағы мобильді төлемдерді жеке тұлғалардың жеке аударымдарынан ажыратуға мүмкіндік береді, Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың жеке аударымдарына салық салынбайтынын айрықша атап өтеді. Заңнамада «мобильді аударым» және «мобильді төлем» екі бөлек көрсетілген. Соңғысы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін жүзеге асырылады. Бұл салық декларацияларында кәсіпкерлердің кірістерін дұрыс көрсетуге әкеледі», - делінген мамандардың түсіндірмесінде.



Министрліктің ұстанымы бойынша, мобильді төлемдерді жеке тіркеу шарасы онлайн аударым жасайтын адамның бәріне салық жауапкершілігін жүктемейді. Тек бизнестің қолданыстағы заңнамада қарастырылған салық міндеттемелерін орындауына бағытталған.



«Кәсіпкерлер бұрынғыдай мобильді төлемді алғаннан кейін тұтынушыға кассалық чек беруі керек. Мобильді төлемге қатысты нормалар 2022 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді. Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар ұтқыр төлемдер бойынша деректермен алмасу тек 2025 жылдан бастап жоспарланады», - деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.






 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#төлем #заң #күш #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);