AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мобильді банкинг арқылы жасалатын төлемдер үлесі 8...

Мобильді банкинг арқылы жасалатын төлемдер үлесі 83% артқан

Әлеумет 16.02.2022, 08:15 1,385
Мобильді банкинг арқылы жасалатын төлемдер үлесі 83% артқан
Сурет: Inform.kz

Бүгінде елдегі банктер қызметтің басым бөлігін автоматтандырып жатыр. 


5 жылда Қазақстанда мобильді банкинг арқылы жасалатын интернет-төлемдер үлесі 23%-дан 83%-ға артты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Екінші деңгейлі банктердің онлайн-сервистерін пайдаланатындар саны артқан. Мысалы, 2 жылда олардың саны 2 есе өсіп, биыл 39,5 млн болды (2020 жылы – 28,7 млн, 2019 жылы – 19,7 млн). Қазіргі таңда банктің онлайн қызметінің ену деңгейі оң динамиканы көрсетіп отыр.


Қазақстанда әрбір экономикалық белсенді тұрғын отандық банк ұсынатын 4-тен аса онлайн-сервисті пайдаланады. 2 жыл бұрын бұл көрсеткіш 2 қызметтен сәл ғана асатын. Елде биометриялық сәйкестендіруді енгізу қашықтан қызмет көрсету сервистерін пайдаланудың драйверіне айналды. 



Бүгінде мобильді қосымшалар арқылы банк қызметтерін пайдалануға болады. Google Play дерегінше, бүгінде үздік банк мобильді қосымшасының көшбасында Jusan (Jusan Bank) тұр. Қосымша көптеген бағытты, оның ішінде банк өзі ұсынатын, әрі сақтандыру және бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін Jusan экожүйесінің еншілес ұйымдарының қызметтерін қамтиды, әрі онда «Jusan дүкен» маркетплейсі де бар. Екінші орында Halyk Homebank (Halyk Bank) қосымшасы тұр. Үшінді орында – Kaspi.kz мобильді қосымшасы. 



Соңғы жылдары қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2 есе артқан. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз операциялардың негізгі үлесі интернет/мобильді банкинг арқылы жасалды: 83,4% немесе 60,1 трлн теңге. Бес жыл бұрын онлайн-төлемдер үлесі 23,2% болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#банкинг #төлем #жүйе #интернет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бейсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);