AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Министр кәсіпкерлер үшін бірыңғай төлем енгізілеті...

Министр кәсіпкерлер үшін бірыңғай төлем енгізілетінін айтты

Әлеумет 21.09.2022, 06:04 1,198
Министр кәсіпкерлер үшін бірыңғай төлем енгізілетінін айтты
Сурет: Satelonline.kz

Бірыңғай төлем 2023 жылдан бастап енгізіледі.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров бизнес үшін бірыңғай төлем енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жолдауында микро және шағын бизнес үшін еңбекақы төлеу қорынан алынатын бірыңғай төлемді енгізуді тапсырған. Осылайша, қазіргі барлық төлем – зейнетақы, табыс салығы және әлеуметтік сақтандыру жарнасы бір төлеммен жасалуы керек. Нәтижесінде кәсіпкерлер артық жұмыс істемейді, жұмысшылардың аударымын бірыңғай төлеммен жүргізеді.



«Әлеуметтік аударымдар мөлшері қызметкерлерге төленетін болашақ төлемге әсер ететіндіктен, жүктемені жеке табыс салығы есебінен төмендету көзделіп отыр. Бірыңғай мөлшерлеме міндетті зейнетақы жарналарын енгізуді және әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесінің өсуін ескереді», - деді Әлібек Қуантыров.



Бірыңғай төлемді микро және шағын бизнес субъектілері ерікті негізде қолданады. Төлем сомасы бірыңғай жиынтық төлемге ұқсас болады.



«Нәтижесінде бірыңғай төлем салықтар мен еңбекақы төлемдерін есептеуді жеңілдетіп қана қоймай, салық жүктемесін азайтуға да мүмкіндік береді», - деді министр.



Бірыңғай төлемді енгізу үшін министрлік арнайы заң жобасын әзірледі. Мәжіліс депутаттары құжатты бірінші оқылымда мақұлдады.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#төлем #кәсіпкер #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

9 мамырға байланысты ХҚКО жұмыс кестесі өзгереді

Бүгін 14:47

Құрылтай сайлауына қанша шығын кетеді?

Бүгін 14:31

Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Бүгін 14:10

Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін 12:41

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);