AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Министр астық пен ұн экспортына салынған тыйымды а...

Министр астық пен ұн экспортына салынған тыйымды алып тастауды ұсынды

Нарық 27.08.2022, 15:02 1,566
Министр астық пен ұн экспортына салынған тыйымды алып тастауды ұсынды
Сурет: Bugin.kz

Ұн шығару квотасы енгізілген 


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев астық пен ұн экспортына енгізілген шектеулерді алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Қыркүйекте қазақстандық астық пен ұнға шетелдік нарықтар қайтадан ашылуы мүмкін. Олай дейтінім, қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі сыртқы сауда саясаты мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияға бидай мен ұнды шығаруға енгізілген шектеу шараларын алып тастау мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. Біздің бұл бастамамыз келесі аптаның басында комиссия отырысында талқыланады», - деп жазды министр Facebook парақшасында.


Ербол Қарашөкеев министрліктің бұл шешімі немен байланысты екенін түсіндіріп өтті.
Оның айтуынша, Қазақстанда 30 қыркүйекке дейін 550 мың тонна астық және 370 мың тоннадан аспайтын ұн шығару квотасы енгізілген.



«Бұл шектеулер енгізілген кезде біз, ең алдымен, күрделі халықаралық жағдайды ескере отырып, ішкі нарықта азық-түлік дағдарысын болдырмай, сақтауға тырыстық. Оның үстіне, сол кезде Қазақстанда өнімнің қандай болатынын болжап білу мүмкін болмады. Қазір жағдай өзгерді. Бүгінгі бидайдың жалпы түсімінің оптимистік болжамы шамамен 13 млн тонна көлемінде болады деп отыр. Бұл - өткен жылдың көрсеткішінен едәуір көп. Сондықтан біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге астық пен ұнды шетелге шығаруға рұқсат беруді орынды деп санаймыз. Себебі былтырғы қалдықтарды қоса есептегенде, биылғы өнім қазақстандық және экспорттық нарыққа да жетеді. Сондықтан, алдағы өтетін жиында біздің бұл ұсынысымыз қолдау тауып, қыркүйек айында барлық экспорттық шектеулер алынады деп үміттенеміз», - деп түйіндеді сөзін министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауылшаруашылық #ұн #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);