Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / «Мина» қойғыш жігіт сотталды

«Мина» қойғыш жігіт сотталды

Оқиға 29.07.2022, 02:42 1,110
«Мина» қойғыш жігіт сотталды
Сурет: Ашық дереккөзі

11 ірі нысанға жалған мина қойған


Ер адам сәуір айында өзінің IT саласындағы білімін пайдалана отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы 11 ірі нысанға «мина қойылғаны» туралы хабарлама таратқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, биыл ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, яғни терроризм актісі туралы жалған хабарлау бойынша 22 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.


Департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімовтің айтуынша, бұлардың басым көпшілігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. 
Ерлан Әлімов биылғы шілде айында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы №2 сотының шешімімен Қостанай облысының 36 жастағы тұрғыны ҚР ҚК 273-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын жеткізді. 


Аталған ер адам сәуір айында өзінің IT саласындағы білімін пайдалана отырып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы 11 ірі нысанға «мина қойылғаны» туралы хабарлама таратқан. 



«Сонымен қатар, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар жасаған 27 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Бұған қоса, теміржол ұйымдары қызметкерлерінің әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларында діни материалдарды сақтаудың 5 дерегі белгілі болды. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБК 490, 453-баптарымен әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылды және сот әрқайсысына әкімшілік айыппұл салды», - деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#мина #Жалған хабар #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін - Қадір түні. Қасиетті түнді қалай өткізу керек?

Бүгін 14:39

Наурыз мейрамында 11 мың домбырашы Қазақстан рекордтар кітабына жаңа жетістік енгізбек

Бүгін 14:28

Алматыда балаларды оңалтудың ең көне орталықтарының бірі — «Алау» жаңартылуда

Бүгін 14:25

Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Бүгін 14:20

Алматылықтарға Назарбаев даңғылында жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалысқа енгізілетін шектеу туралы ескертілді

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика