Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / МИХАИЛ ШАЙДОРОВ – «Төрт құрлық» турнирінің чемпион...

МИХАИЛ ШАЙДОРОВ – «Төрт құрлық» турнирінің чемпионы

Әлеумет 25.02.2025, 13:36 735
МИХАИЛ ШАЙДОРОВ – «Төрт құрлық» турнирінің чемпионы
instagram.com/isufigureskating | Михаил Шайдоров

20 жастағы алматылық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жақында ғана Харбиндегі Азия ойындарында үшінші нәтиже көрсеткен еді. Енді міне, Сеулде «Төрт құрлық» турнирінде алдымен қысқа бағдарламаны, содан кейін ерікті бағдарламаны жеңіп алды. Сондай-ақ, ол өз өнерімен жарыстың шымылдығын жапты.

Алғаш рет жас жігіт алты жасында коньки тебе бастады. Мәнерлеп сырғанаудан республиканың бірнеше дүркін чемпионы атанған ол жаттығуды әкесі Станислав Шайдоровтың басшылығымен бастады. Содан кейін 2018 жылы Сочидегі жаңа жаттықтырушыға ауысады. Бүгінде ол Ресейден келген бірінші Олимпиада чемпионы Алексей Урмановтың қоластында жаттығады. Шайдоров – Урманов тандемін қазір спорт сүйерқауым жақсы біледі. Алғашқы жетістік 2022 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында болды. Содан кейін қазақстандық күміс жүлдегер атанып, екі қойылымның нәтижесі бойынша америкалық Илья Малининнен жеңіліп қалды. Михаил бұған дейін  екі жыл қатарынан «Төрт құрлық» турнирінде бесінші орынға тұрақтаған еді, 2024 жылы 6-орын нәтижесін көрсетті.

Сонымен қатар, ол ересектер арасындағы үш әлем чемпионатына қатысқан спортшы. Соңғы екеуінде Михаил планетаның үздік 14 спортшысының қатарына еніп, екі рет Гран-при жүлдегері атанды. Биылғы жыл жерлесіміз үшін сәтті басталғанын жанкүйер қауым жақсы біледі. Көптеген сарапшылар жақында Азия ойындарының жеңімпазы атанған Чхан Чжун Хванға артықшылық берген еді. Мұз иесінің деңгейінен асып түсу қиынның қиыны. Алайда, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыға музыканы қателесіп қою да кедергі болмады. Жарыста оның композициясы қойылмады. Қазылар алқасымен сөзге келуге тура келді. Оның музыкасы ойнаған кезде, ол өзінің бағдарламасын екі квадратты, соның ішінде квадрат луцты (барлық коньки тебушілер орындауға батылы жетпейтін күрделі секіру) орындай отырып, мінсіз орындады. Сонымен қатар, ерекше аксель және басқа да компоненттер орындалды. Бұл оның жоғары баға жинауына мүмкіндік берді. Михаил Шайдоровтың мансабындағы алғашқы ірі жеңіс. Айтпақшы, осыдан тура 10 жыл бұрын дәл осы аренада тағы бір алматылық Денис Тен жеңімпаз атанған еді. Өзіне дейінгі спортшының осындай жетістігін еске алған Михаил турнир алдында: «Денис әлемге Қазақстанда мәнерлеп сырғанау бар екенін паш етті. Енді менің де жер жаһанға бұл туралы жариялауыма мүмкіндік бар» деген еді.

Михаил Қазақстанда жаңа чемпиондар өсіп келе жатқанын тағы бір дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спортшы #М.Шайдоров #Мәнерлеп сырғанау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді педагогтерді тестілеуден тек жас мамандар мен басшылар өтеді

Бүгін 12:38

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 11:38

Тең мүмкіндіктерге арналған 18 идея: Қазақстанда инклюзияны дамытуға арналған гранттар іске қосылады

Бүгін 11:23

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасы 3%-ға өсті

Бүгін 10:42

Алматыдағы балалар ғылыми музейінің ашылуы Сингапурда талқыланды

Бүгін 10:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика