конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Михаил Ломтадзе Джекидің Қазақстанды өз үйіндей се...

Михаил Ломтадзе Джекидің Қазақстанды өз үйіндей сезінуі үшін аңызға айналған актерге Kaspi Gold табыстады

Алматы құшағында Бүгін 21:21 30 yakiya

Бүгін Алматыда Джеки Чанның қатысуымен түсірілетін «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильміне арналған баспасөз конференциясы өтті. Kaspi.kz картина түсірілімінің бас серіктесі болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Баспасөз конференциясы барысында Kaspi.kz-тің басшысы әрі тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе Джеки Чанға Kaspi Gold табыстады.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«Джеки Чанды Қазақстанда қарсы алып, оның жаңа фильмінің түсіріліміне қолдау көрсету біз үшін үлкен қуаныш. Бұл жоба елімізге әлемнің назарын аударып, Қазақстанды жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді.

Джеки Қазақстанмен бұрыннан таныс. Бірақ біз оның еліміздің күнделікті тыныс-тіршілігін толық сезінуі үшін міндетті түрде Kaspi Gold қажет деп шештік. Ол арқылы Джеки заманауи Қазақстанның өмірімен жақынырақ танысып, түсірілім кезінде өз үйіндей жайлы сезіне алады.

Осы ауқымды жобаның бір бөлігі болуға мүмкіндік бергені үшін Sәlem Entertainment пен Adal Investments компанияларына алғысымызды білдіреміз. Джеки Чанға және фильмнің бүкіл шығармашылық тобына сәтті түсірілім, зор шабыт және Қазақстаннан ұмытылмас әсер тілейміз».

Джеки Чан, актер, режиссер және продюсер:

«Осы жерде болғаныма, Қазақстанға қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Ең алдымен Kaspi.kz және Sәlem Entertainment-ке, режиссерге және осы жобаның жүзеге асуына аянбай еңбек сіңірген барша жандарға шын жүректен алғысымды білдіремін.

Фильмнің түсірілімін бастауды асыға күтіп жүрмін. Фильм басталғанда үлкен сынақ екенін білемін, бірақ сонымен бірге бұл ерекше шабыт сыйлайтын, зор қуаныш әкелетін жұмыс.Баршаңызды жақсы көремін. Рақмет!»

«Құдайдың сауыты» – әлемнің түкпір-түкпіріндегі бірнеше буын көрерменнің сүйіспеншілігіне ие болған культтік шытырман оқиғалы франшиза. «Құдайдың сауыты: Ультиматум» жаңа фильмі Джеки Чан сомдаған әйгілі кейіпкердің хикаясын жалғастырады.

Фильмнің түсірілімі Маңғыстау және Алматы облыстарында өтуде. Бұл табиғи көркем орындарды Джеки Чан 2025 жылдың соңында Қазақстанға жасаған сапары кезінде өзі таңдаған.

Жобаның бастамашылары – Sәlem Entertainment және Adal Investments. Фильмнің тұсаукесері 2027 жылдың ақпан айына жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Джеки Чан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Бүгін 17:51

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 17:48

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін 17:15

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Бүгін 17:02

«Әділет» партиясының кезектен тыс III Съезінде азаматтармен байланысты нығайтуға және партия қызметін ұйымдастыруға арналған жаңа цифрлық шешімдер таныстырды

Бүгін 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);