конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ми институты және Quantum AI: Саясат Нұрбек ҚазҰУ-...

Ми институты және Quantum AI: Саясат Нұрбек ҚазҰУ-дың жаңа ғылыми алаңдарымен танысты

Білім және ғылым Бүгін 09:32 53
Ми институты және Quantum AI: Саясат Нұрбек ҚазҰУ-дың жаңа ғылыми алаңдарымен танысты
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Заманауи 7 кванттық есептеу жүйесімен жабдықталған орталық студенттер мен жас ғалымдарға күрделі зерттеу жобаларын орындауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми-инновациялық инфрақұрылымымен және жаңадан іске қосылған орталықтардың қызметімен танысты. Шара барысында ҚазҰУ-дың Басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев министрге университет ғалымдарының соңғы жылдардағы ғылыми жетістіктері мен инфрақұрылымды жаңғырту бағытында атқарылған жұмыс нәтижелерін ұсынды.

Ведомство басшысы Орталық Азиядағы алғашқы мамандандырылған ғылыми-білім беру орталығы – Ми институтына барды. Нысан 2018 жылы Когнитивтік нейроғылым орталығы ретінде негізі қаланып, 2026 жылы Ми институты болып қайта құрылған. Институт когнитивтік нейроғылым, МРТ, нейролингвистика және есептеу нейроғылымы зертханаларымен жабдықталған.

Мұндағы зерттеулер әлемдік деңгейдегі заманауи құрылғылар, соның ішінде ANT Neuro жоғары тығыздықтағы электроэнцефалография жүйелері және функционалдық жақын инфрақызыл спектроскопия технологиялары арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ орталыққа орнатылған 3 Тесла магниттік-резонанстық томографы жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы миды түсіру уақытын қысқартып, кескін сапасын арттырады әрі функционалдық МРТ жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар министр биыл іске қосылған «Quantum AI» зертханасының жұмысымен танысты. Заманауи 7 кванттық есептеу жүйесімен жабдықталған орталық студенттер мен жас ғалымдарға күрделі зерттеу жобаларын орындауға, машиналық оқытудың бірегей алгоритмдерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Жаңа зертхана білім алушылардың нақты өндірістік жобаларға қатысуына жағдай жасайтын ашық платформа ретінде қызмет етіп, түлектердің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Кездесу соңында министр ҚазҰУ-да жүзеге асырылып жатқан бастамаларға қолдау білдірді. Сондай-ақ жасанды интеллект, нейроғылым және кванттық технологиялар бағытындағы зерттеулердің ел болашағы үшін стратегиялық мәнін ерекше атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ #Саясат Нұрбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОСТАНДЫҚ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Бүгін 10:39

Жетісуда полицейлер Алакөл жағалауында жоғалған 6 жасар қызды жедел тапты

Бүгін 10:27

Алматының Әуезов ауданында тұрғындардың ұсынысымен аулалар көркейтілді

Бүгін 10:23

Қолжетімді орта: жыл басынан бері 600-ден астам нысан тексерістен өтті

Бүгін 10:03

Алматының Алатау ауданында 2026 жылдың соңына дейін төрт мектеп ашылып, ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталады

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);