AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Мен қазақпын» - ресейлік блогер

«Мен қазақпын» - ресейлік блогер

Әлеумет 27.04.2023, 15:39 1,219
«Мен қазақпын»  - ресейлік блогер
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан жайында ресейлік блогер  4 мыңнан астам репортаж бен фильм түсірген.


Бүгін Президент «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында бірқатар азаматтарға алғыс білдірді. Солардың бірі - «Алға, Петербург» ютуб жобасының авторы Иван Червинский, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 


Қаншама көрермен назарын өзіне аударған «Алға, Перербург» ютуб арнасы Димаш Құдайберген жайлы, сондай-ақ қазақ мәдениеті мен Қазақстанның жетістікке жеткен азаматтары туралы дерек ұсынады. 


Жоба авторының айтуынша, бұның барлығы Димаш Құдайбергенді танығаннан кейін басталған.



«Димашты I’m a singer жобасында көрдім. Қытай азаматтары оның өнері мен талантына тамсанып жатты. Содан кейін оның видеолары танымал бола бастады. Димаш туралы түсірген видеоларым көп қаралым жинады. Мен көпшіліктің Димаш туралы білгенін қаладым. Нәтижесінде 500 миллион адам көрді», - дейді Иван Червинский.



Бүгін жоба авторы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысында президент алғысының иегері атанып, сөз сөйледі.



«Мен Қазақстанды 2017 жылы Димаш Құдайберген арқылы таныдым. Содан бері мен Қазақстан жайында 4 мыңнан астам репортаж бен фильм түсірдім. Өзім де қазақ мәдениеті мен қазақы рухты әбден сезіндім. «Мен қазақпын» деп айтсам да болады. Бұл ел маған мыңдаған дос тауып берді. Барлығы көмегін аямайды. Сол үшін де алғыс білдіремін. Менің қазақ мәдениеті мен спортына шын жүректен арнаған туындыларымды жоғары бағалап жатқан барша қазақ халқына зор алғыс айтамын.


Құрметті Президент, бүгінде Қазақстан түрлі салада жетістіктерге жетіп жатқанына өте қуаныштымын, әсіресе, жастардың жетістігіне ерекше қуанамын. Қазақстан әлі талай белесті бағындыратынына сенімдімін. Басқа мемлекеттердің де Қазақстаннан үйренері көп деп ойлаймын. Мәселен қонақжайлылығы, толеранттылығы мен мәдени жан-жақтылығы - көпке үлгі. Мен Қазақстан туралы әлем елдерінің білгенін қалаймын. Мен Қазақстанды жақсы көремін!», деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ресейлік блогер #алғыс #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);