Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала тынысы / «Мен бақытты баламын» көркем сурет байқауы

«Мен бақытты баламын» көркем сурет байқауы

Қала тынысы 05.06.2023, 06:35 1,974
«Мен бақытты баламын» көркем сурет байқауы

Мемлекеттік қуыршақ театрыда «Мен бақытты баламын» тақырыбында онлайн форматта көркем сурет байқауын ұйымдастырды. Аталмыш байқауға Алматы қаласы ғана емес, өзге де өңірлердің мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беретін орта мектепттерден жүзге жуық үміткер сайысқа түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Театрдың көркемдік мүшелерінен құрылған арнайы сарапшылар шешімімен байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі, тақырыпты ашуы, сурет салу техникасы, суретшілік қабілеті жан-жақты талқыланып, жеңімпаздар анықталды.



Нәтижесінде сарапшылар ұйғарымымен І дәрежелі дипломға Алматы қаласы №207 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушы Бақберген Үміт, ІІ дәрежелі дипломға Алматы қаласы С.Сейфуллин атындағы №2 мектептің 3 сынып оқушысы Әуезбай Қуаныш, «Балдырған» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеленушісі Серікбол Ислам, ІІІ дәрежелі дипломға Алматы қаласы №109 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушысы Қанатбекқызы Ақерке, Алматы №57 мектептің 4 сынып оқушысы Нестеркина Ульяна, Алматы Оқушылар сарайының шәкірті Талғатқызы Тоғжан лайықты деп танылды.


         Сонымен қатар, ерекше қабілеттерімен көзге түскен қатысушылар Асанова Айзере, Ерпан Умар, Қадырбай Балжан, Қанапиянова Жансая, Токобаева Гулбарчын, Капас Айлин, Мұхтар Райяна, Әмзе Жания, Серікбай Дияр, Нұрымбетова Дания, Токобаев Нұрислам ынталандыру жүлделеріне ие болды.


Мерекеге орай, Медеу аудандық «Бақытты отбасы», «МИР», «Биік белеске бағыт», «Аяулы халық», «Жанұя» қоғамдық орталықтарының әлеуметтік жағдайлары төмен, аз қамтылған, көпбалалы отбасылары балаларына, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі балаларына «Бақытты балалық шақ» ойын-сауық бағдарламасы және «Есте сақта, балақай!» ақпараттық-танымдық қойылымы қайрымдылық негізде ұсынылды.



         Жеңімпаздарға театр әкімшілігі атынан арнайы дипломдар, естелік сыйлықтармен қатар, театрымыздың қазыналы қойылымдарына, Қазақ Мемлекеттік Циркі, Алматы Хайуанаттар бағы сонымен қатар, «Жас қанат» жас орындаушылар гала-концертіне тегін жолдамалар, «Dizzy» компаниясының «Riksamin C Vitamin» сусындары табысталды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#байқау #Көркем сурет #Қуыршақ театры #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика