конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы - білім ме...

Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы - білім мен ғылым

Саясат 24.05.2024, 17:51 1,275 Almaty-akshamy.kz. 
Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы - білім мен ғылым
Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур ректорларының «Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы» атты форумына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына ілтипат білдіре отырып, білім мен ғылымды дамыту еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы саналатынын атап өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

– Бүгінгі форумның екі ел ынтымақтастығы үшін маңызы зор. Бұл шара Қазақстан мен Сингапурдың білім және ғылыми-зерттеу салаларындағы ықпалдастығын бұдан да жоғары деңгейге шығаруды көздейді. Кеше Сингапурдың Президентімен және Премьер-министрімен ғылым, білім, халықаралық байланыстар сияқты екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша өте мазмұнды келіссөздер жүргіздім. Қазақстанның барынша ашық, тұрақты нарықтық экономикаға көшуі қарқынды және орнықты білім беру стандарттары мен цифрлық трансформацияны қажет етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда шетелдік жетекші университеттердің филиалдарын ашу, халықаралық институттармен бірлесіп ұдайы зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін елімізге дәйекті тәсіл қажет екенін айтты.

– Соңғы бірнеше жылда біз беделді 19 университетпен стратегиялық альянс құрдық. АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Германия университеттері елімізде өз филиалдарын ашты. Сондай-ақ Қытай, Түркия, Италия және және басқа да мемлекеттердің университеттері Қазақстанға қызығушылық танытып отыр, – деді Президент.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекет басшысы #Қазақстан-Сингапур #саясат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы экобекеттерінде жыл басынан бері көлік шығарындыларының белгіленген нормадан асқан 13 мыңнан астам жағдайы анықталды

Бүгін 17:01

Алматы педагогі «Ұстаз мәртебесі – Ұлт мерейі» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Бүгін 16:55

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтуде

Бүгін 16:29

Алматыда Медеуден Шымбұлаққа дейінгі аралықта инженерлік инфрақұрылым құрылысы жалғасуда

Бүгін 16:16

Алматыда Ұлттық домбыра күні мен Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама дайындалды

Бүгін 15:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);