AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жетілдіру – Де...

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жетілдіру – Департаменттің басым бағыттарының бірі

Әлеумет 11.10.2024, 15:51 1,249 Әлімхан Шынарай Әлімханқызы, Алматы қаласы мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жетекшісі
Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын жетілдіру – Департаменттің басым бағыттарының бірі
almaty-akshamy.kz

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметкерлердің рөлі өте маңызды әрі көпқырлы. Олар тек өздерінің функционалдық міндеттерін орындап қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, халыққа заң талаптарын дұрыс қолдану тәртібін түсіндіруге, мемлекетке деген сенімді арттыруға, қоғаммен тиімді қарым-қатынас орнатуға міндетті.

Әрбір мемлекеттік қызметкер өз лауазымдық міндеттерін орындаумен қатар, этикалық нормаларды және мемлекеттік қызметке қатысты заңнамалық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Мемлекеттік қызметте өзін-өзі ұстаудың жоғары стандарттары талап етіледі, олар әрқашан мәдениетті, тұтынушыға бағытталған және кәсіби деңгейде болуы керек.

Мемлекеттік қызметке кіргенде, әр кандидат арнайы шектеулер қабылдайды және бұл қызметтің жауапкершілігін толық түсінуі қажет. Осы мақсатта этика бойынша уәкілетті өкілдер институты құрылды. Олар персоналмен жұмыс істеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар ұйымдастыру, азаматтардың және қызметкерлердің шағымдарын қарау, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға жауапты.

Департамент мемлекеттік қызметкерлердің заңда көзделген шектеулерді және этикалық нормаларды сақтауын қамтамасыз ету мақсатында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, құмар ойындарға қатысты заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілгенін және ойын бизнесімен айналысуға тыйым салынғанын еске салды. Жиі келіп түсетін шағымдар – демалыс беру, сыйақы беру және қызметкерлерге әділетсіз жаза қолдану мәселелері бойынша.

Сонымен қатар, «Тәлімгерлер кеңесі» аясында жас басшыларды қолдау және олардың қызметке бейімделуіне көмек көрсету мақсатында арнайы кездесулер өткізіледі. Бүгінгі таңда кеңес мүшелері Б.Жапаров пен Б.Камаловтың жұмыс нәтижелері тыңдалып, ұжымда дұрыс қарым-қатынас орнату және жұмыс нәтижелілігін арттыру бағытындағы ұсыныстары қаралды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік қызмет #қоғам #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды қарсы алды

Бүгін 20:42

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Бүгін 19:02

Үнемшілдік - үлкен мәдениет

Бүгін 18:52

Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

Бүгін 18:17

Алматыда тұрғындарға арналған тегін жүгіру жаттығулары басталды

Бүгін 18:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);