AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ресми бөлім / Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселе...

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Ресми бөлім Бүгін 12:22 46
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру  мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиынға ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, аудандық басқармалардың мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты өкілдері қатысты. Отырысты жұмыс тобының төрағасы, Департамент басшысының міндетін атқарушы Еркеболат Нұржігітов жүргізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, 2025-2026 жылдардағы ішкі бақылау нәтижелері, анықталған заң бұзушылықтар және олардың динамикасы талқыланды.

Жиын барысында жұмыс тобының төрағасы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде белгіленген талаптар мен мерзімдердің сақталуының маңыздылығына тоқталды:

– Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы ең алдымен азаматтардың қажетті қызметті уақытылы әрі талапқа сай алуымен өлшенеді. Сондықтан анықталған бұзушылықтарды жоюмен қатар, олардың себептерін талдап, қайталануына жол бермеуге бағытталған жүйелі шараларды күшейту қажет, – деді Еркеболат Серікұлы.

Отырыста Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны мен көрсеткіштері қаралды. Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Бақтыгүл Сейтова көрсетілген қызметтер бойынша ақпарат ұсынып, қызмет көрсету барысында кездесетін өзекті мәселелерге тоқталды. Талқылау кезінде қызмет алушылар мен қызмет көрсетушілер арасындағы өзара іс-қимыл, ақпараттық жүйелердің жұмысына байланысты қиындықтар және оларды шешу жолдары қарастырылды.

– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау, ішкі бақылау барысында анықталған мәселелерді талдау және азаматтарға қызмет көрсету үдерісін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты шараларды белгілеуіміз керек. Бұл жұмыстар қызмет көрсету сапасын арттыруға және анықталған кемшіліктердің қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының басшысы Мақсат Жаңбыршиев.

Отырыс қорытындысында жұмыс тобының мүшелері Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен оның аудандық басқармаларында анықталған жүйелі бұзушылықтарға динамикалық көрсеткіштер негізінде талдау жүргізуді ұсынды. Сондай-ақ, олардың туындау себептерін айқындап, алдын алу шараларын белгілеу қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, қызметкерлердің кәсіби құзыретін арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына бағытталған оқыту семинарларын ұйымдастыру жоспарын әзірлеу ұсынылды. Оқыту жұмыстары «Ең алдымен адамдар» («Люди прежде всего») қағидаттарына сәйкес жүргізілмек.

Жұмыс тобы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдерінің сақталуына, құжаттарды толық қабылдауға, ішкі бақылау тетіктерін жетілдіруге және азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардарлығын арттыруға ерекше назар аударды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың маңызды факторларының бірі. Осы бағыттағы бақылау, талдау және түсіндіру жұмыстары мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын одан әрі жетілдіруге бағытталатын болады.

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Бүгін 13:00

Жапондық марафоншы Юки Каваучи мәреге жеткен соң Алматыдағы жаңа бағытқа баға берді

Бүгін 12:47

Тоқаев қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады

Бүгін 12:40

Алматыдағы корей театры 95-ші маусымын «Мұра» премьерасымен ашты

Бүгін 12:01

Валюталық шарттар бақылауда: Алматы бизнесі нені ескеруі керек

Бүгін 11:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);