AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік органдардың қызметіне ел тұрғындарының...

Мемлекеттік органдардың қызметіне ел тұрғындарының көңілі тола ма?

Әлеумет 28.07.2022, 05:53 1,769
Мемлекеттік органдардың қызметіне ел тұрғындарының көңілі тола ма?

Жұртшылықтың басым бөлігі полицияның жұмысына көңілдері толмайды.


Қазақстандықтардың жартысынан көбі мемлекеттік қызметшілер арасында тек "жедел жәрдем" мен өрт сөндірушілердің қызметіне «қанағаттанарлық» деген баға беріп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


 ҚР Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеуге сәйкес, қазақстандықтар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын былтырғыға  қарағанда жоғары бағалап отыр. Жедел медициналық көмек қызметінің сапасына толық қанағаттанатын қазақстандықтардың үлесі 54,6%-ды құраса, өрт сөндіру қызметіне 50,2% отандасымыз риза.


Одан әрі полиция қызметінің сапасына қанағаттанған қазақстандықтардың үлесі 43,7%, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 43,3%, салық қызметі 43% және басқа мемлекеттік қызметтер бойынша 39,9%-ды құрайды. Зерттеуге қатысқан респонденттердің мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты бірнеше жауапты таңдауға мүмкіндігі болды. Оның ішінде «қанағаттанбаймын», «ішінара қанағаттанамын және қанағаттанамын», сонымен қатар «жауап беруге қиналамын немесе қолданбаймын» деген нұсқалар болды.


Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына толық қанағаттанған респонденттердің үлесі қала тұрғындарына қарағанда ауылдық жерлерде басым. Мәселен, жедел медициналық қызметке ауыл тұрғындарының 53,3% оң бағасын берсе, қарсы қала тұрғындарының 56,9%-ы қызмет сапасына қанағаттанбайды. Сол сияқты салық қызметі бойынша ауыл тұрғындары 49,6%-ға қанағаттанса, ал қала тұрғындары 39,5%-ға ризашылығын білдіріп отыр. Одан бөлек, халыққа қызмет көрсету орталығының қызметі ауылда 48,7%, қалада 40,4%-ға, және полиция ауылда 48,5% тиісінше қалада 41,1%-ға бағаланды.


Ал өрт сөндіру қызметінің сапасына бірдей баға берілді деуге болады. Ауыл тұрғындары 50,3% болса, қала тұрғындары 50,1%-ға оң бағасын беріп отыр. Респонденттер көбінесе полиция қызметіне қанағаттанбайды. Зерттеуге қатысушылардың 4,4%-ы бірден қанағаттанарлықсыз деген баға берді. Былтыр да солай болған. Салық қызметінің сапасын респонденттердің 2,8%-ы (2021 жылы - 2,9%), ХҚКО - 2,6% (2021 жылы - 3,3%), жедел медициналық көмек - 2,5% (2021 жылы - 2,7%), өрт сөндіру қызметі - 1,5% (2021 жылы - 2,7%) қанағаттанарлықсыз деп бағалады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік қызмет көрсеті #сапасы #халық бағасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көпбалалы әскери қызметшінің отбасында дүниеге үшем келді

Бүгін 21:37

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Жетісу ауданының жастарымен кездесті

Бүгін 21:26

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

Бүгін 20:50

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Almaty SuperSki жобасы аясында ғылыми зертхана салынады

Бүгін 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);