AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекеттік хатшы дипломатиялық өкілдіктерінің бас...

Мемлекеттік хатшы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті

Саясат 30.03.2022, 13:02 2,031
Мемлекеттік хатшы дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті
inform.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Еуропа Одағына мүше мемлекеттердің елімізде аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекеттік хатшы дипломаттарға Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларының мән-маңызы туралы айтып, Президенттің жақында Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі қағидаларына тоқталды.




Еліміздің суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу тетіктеріне, соның ішінде, Мәжілісті қалыптастырудың пропорционалды-мажоритарлық жүйесіне, палаталардың өкілеттіктерін кеңейту, саяси партияларды тіркеу тәртібін ырықтандыру, жергілікті өзін-өзі басқару институттарын жетілдіру, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылымын реформалау, заң үстемдігі қағидаттарын нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.



Ерлан Қарин шетелдік дипломаттардың жаңа реформаларға қатысты бірқатар сұрағына жауап берді.


Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Еуропа Одағы арасындағы серіктестіктің ортақ бағыттарын талқылады, сондай-ақ, аймақтағы кең ауқымды мәселелер жөнінде пікір алмасты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарин #хатшы #дипломаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);