Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік басқару академиясында қосымша оқуға қа...

Мемлекеттік басқару академиясында қосымша оқуға қабылдау басталды

Әлеумет 02.11.2024, 14:11 1,246
Мемлекеттік басқару академиясында қосымша оқуға қабылдау басталды
Cурет: Egemen.kz

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында модульдік бағдарламалар бойынша қосымша оқуға қабылдау науқаны басталды.

Құжаттар 2024 жылдың 1-30 қараша аралығында онлайн форматта қабылданады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 

Модульдік оқыту негізгі жұмыстан қол үзбей өз құзыреттерін арттырғысы келетін азаматтарға арналған. Оқу жылы 6 модульден тұрады. Әрбір модульде офлайн және қашықтан оқыту форматтары қарастырылған. Мұндай тәсіл білім алушыларға оқу материалдарын арнайы кесте бойынша ыңғайлы түрде игеруге мүмкіндік береді. Конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, квазимемлекеттік сектор мамандары, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатыса алады.

Магистратура бойынша 1 жылдық екі бағдарлама қарастырылған: «Мемлекеттік басқару – Executive Master of Public Administration» және «Өңірлік даму – Master of Regional Development».

- «Мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасына үміткерлердің басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы қажет. «Өңірлік даму» білім беру бағдарламасына түсушілердің жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы қажет. Осы жылы мемлекеттік қызметшілерге де модульдік бағдарламалар бойынша магистратураға оқуға түсуге мүмкіндік ұсынылды. Олар мемлекеттік органнан жолдаманы ұсынуы керек. Сонымен қатар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі В1-ден төмен емес екенін растайтын QAZAQ RESMI TEST немесе ҚАЗТЕСТ сертификаты болуы қажет, – деді осы тақырыпқа арналған брифингте академия ректоры Ерлан Әбіл.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік басқару #Академия #қосымша оқу #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда халықаралық шеберлік дәрісі аясында 14 ота жасалды

Бүгін 15:02

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйледі

Бүгін 13:45

"Дулығаны қақ жарып гүл шыққанша, Жер астынан қарап жатам мен саған..."

Бүгін 13:07

Жер-Ана тағдыры – адамзат қолында

Бүгін 12:21

Алматыда биыл 51 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика