AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекет мұқтаж отбасыларға жалдамалы пәтер ақысын...

Мемлекет мұқтаж отбасыларға жалдамалы пәтер ақысының 50%-ын төлейді

Әлеумет 27.04.2022, 16:48 1,263
Мемлекет мұқтаж отбасыларға жалдамалы пәтер ақысының 50%-ын төлейді
malim.kz

Мемлекет тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар үшін жалдамалы пәтер ақысының 50%-ын төлейді, деп хабарлады Аlmaty-akshamy.kz  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.



«Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Осылайша, 18 сәуір күні біз жалдамалы пәтер ақысын субсидиялауға өтінімдер қабылдауды бастап кеттік. Алайда, бұған дейін бағдарламаны 2022 жылдың мамыр айында іске қосу жоспарланған болатын. Аталған бағдарлама отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы айына бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларға жалдамалы пәтер ақысының 50%-ын төлеуді көздейді. Бағдарламаның операторы - «Отбасы банкі», - деп жазды ведомство.



Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда елімізде 590 мыңға жуық кезекте тұрған азамат бар, олардың 210 мыңы әлеуметтік осал топтарға жатады. Олардың ішінде, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 70 мыңға жуық қазақстандық бар. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын тұрғын үй үшін төлемдерді тағайындау қағидалары әзірленген.



«Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында әріптестерім тұрғын үй төлемдеріне өтінім беру механизмі және субсидиялау қағидалары туралы егжей-тегжейлі айтып берген болатын. Осылайша, көп балалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мемлекет тарапынан қолдауға ие бола алады. Халыққа ыңғайлы болу үшін біз өтінімдерді қабылдау бойынша цифрлық платформаны іске қостық. Осылайша барлық процесс otbasybank.kz порталында онлайн жүзеге асырылады. Өтініш берушілердің барлық талапқа сәйкестігі басқа ведомстволардың деректер базасымен интеграциялау арқылы тексерілетін болады», - деді министр Қайырбек Өскенбаев.



Ол осы ретте төлемдерді субсидиялауға өтінімдер қабылдау процесін тұрақты бақылауда ұстайтынын ерекше атап өткен. Сондай-ақ күнделікті «Отбасы банкіне» келіп түсіп жатқан өтінімдер бойынша қаншасы мақұлданып, қанша өтінім кері қайтарылғандығы жөнінде сандарды саралап, мониторинг жасап отырмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұрғынүй #мұқтаждар #жәрдем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);