Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мемлекет білім беру ұйымдарында тәрбие берудің бір...

Мемлекет білім беру ұйымдарында тәрбие берудің біртұтас экожүйесін құрды

Білім және ғылым 19.03.2025, 14:40 588
Мемлекет білім беру ұйымдарында тәрбие берудің біртұтас экожүйесін құрды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігімен 2023 жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы әзірленді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан бағдарламаны жүзеге асыру барысы туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы бағдарлама «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» жалпыұлттық құндылықтарға сәйкес жаңартылып, барлық білім беру ұйымдарына енгізілді. Биылғы жылдың 14 наурызында өткен IV Ұлттық құрылтайда Президент құрылтай мүшелерінің бағдарлама атауын «Адал азамат» етіп өзгерту туралы ұсыныстарын қолдады. Бұл атау бағдарламаның қоғамның тірегі болар адал, әділ және жауапкершілігі жоғары азаматтарды тәрбиелеу жөніндегі негізгі мақсатын айқындайды.

Бағдарламаны іске асырудың екі жылы ішінде білім беру ұйымдарында алты негізгі бағыт пен 77 қадамды қамтитын білім берудің бірыңғай экожүйесін құруға, сонымен қатар сынып жетекшілерін, ата-аналарды, психологиялық қызметтерді қоса алғанда, қатысушылардың кең ауқымын тартуға қол жеткізілді.

«Құндылықтарды бала бойына сіңіру олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық, практикалық және эмоционалды компоненттерді қамту арқылы жүргізіледі. Танымдық компонент әрбір құндылықтың мәні мен мазмұнын ұғынуға, практикалық – оларды іс жүзінде нақты әрекеттер арқылы іске асыруына көмектеседі, ал эмоционалды – бұл құндылықтарды өмірлік әдетке, күнделікті дағдыға айналдырады», – деп атап өтті оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Бағдарлама аясында мектептерде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары, сондай-ақ өңірлерде Психологиялық қолдау орталықтары ашылып, қызмет көрсетуде. Басым бағыт ретінде – өскелең ұрпақтың басты тәлімгерлері мен тәрбиешілері болып табылатын сынып жетекшілерінің рөлі күшейтілуде.

Сонымен қатар жалпыұлттық құндылықтар оқу процесіне интеграцияланған. Ол пән мазмұнында, сынып сағаттарында, сыныптан тыс іс-шараларда көрініс тауып, білім берудің барлық деңгейлерінде жауапты, еңбекқор және адал азамат тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Білім беру #біртұтас тәрбие #бағдарлама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика