Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейм...

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Саясат 09.12.2025, 14:37 376
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдап, экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі, қаңтар–қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2026 жылға арналған жоспар жөнінде есеп тыңдады.

Кездесуде іскерлік белсенділік, инфляцияға ықпал ететін факторлар және бағаны тұрақтандыруға арналған шаралар талқыланды. Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

Ұлттық банк төрағасы қаржы, валюта және мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы жағдай туралы да баяндады. Оның дерегінше, жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өскен. 11 айдағы инвестициялық табыс шамамен 8,2 миллиард долларды немесе 13,7 пайызды құрады.

Ал есепті кезеңде елдің алтын-валюта резервтері 16,3 миллиард долларға (36 пайызға) ұлғайып, 62,1 миллиард долларға жетті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері қаңтар–қараша аралығында 2,6 триллион теңгеге (11,7 пайызға) өсіп, 25 триллион теңге болған.

Тимур Сүлейменов сондай-ақ жаппай цифрландыру барысы және Ұлттық банктің цифрлық жобалары туралы мәлімдеді. Әсіресе Антифрод орталығының жұмысы мен ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымдарын технологиялық тұрғыдан іске асыруға баса назар аударылды.

Ақпаратқа сәйкес, Ұлттық банк баға тұрақтылығын сақтап, инфляцияны орта есеппен 5 пайыздық межеде ұстап тұру үшін «барлық қажетті шараларды» қабылдап жатыр.

Мемлекет басшысы Ұлттық банкке:

  • инфляцияны төмендетуге,

  • қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге,

  • цифрлық трансформация секторын жүйелі түрде дамытуға
    баса назар аударуды тапсырып, осы бағыттар бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Тимур Сүлейменов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Михаил Шайдоров ISU сыйлығына ұсынылды

Бүгін 10:15

Иран үш елге шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бүгін 10:00

Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалды: СІМ не дейді?

Бүгін 09:15

Ирандағы "қышқыл жауын" Қазақстанға жетуі мүмкін бе? Мамандар түсіндірді

Бүгін 09:00

Атырауда жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды

Бүгін 08:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі