AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пір...

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Саясат 20.12.2022, 09:55 2,289
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
almaty-akshamy.kz


Президентке Ұлттық банктің биылғы қаңтар-қараша айларындағы ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал, инфляцияның өсу қарқыны мен оның болжамы, сондай-ақ алтын-валюта резервтерінің жай-күйі жөнінде баяндалды.



Кездесу барысында Ұлттық банктің қабылдаған шаралары теңгелей салынған депозиттердің бұрын-соңды болмаған деңгейге дейін өсуіне, валюта нарығын тұрақтандыруға және экономиканы кредиттеу өсімін жалғастыруға оң ықпал еткені атап өтілді.



Президентке цифрлық теңгені енгізу қажеттігіне қатысты жүргізілген зерттеу қорытындылары баяндалды. Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, нарық қатысушылары, нақты тұтынушылар мен сауда-сервистік кәсіпорындарының қатысуымен өткен цифрлық теңге платформасын тестілеу сәтті болды. Цифрлық теңгенің енгізілуі қолма-қол ақшасыз төлемнің қолжетімділігін арттырып, мемлекеттік шығындардың ашықтығын қамтамасыз етеді және инновациялық қаржы өнімдерін жасауға  мүмкіндік береді. Ұлттық банк төрағасы цифрлық теңге 2025 жылдың соңына дейін қолданысқа енгізілетінін жеткізді. Цифрлық теңгені айналымға енгізу жоспары үш кезеңнен тұрады. Мемлекет басшысы жобаны одан әрі жүзеге асыру жөнінде міндет жүктеді.



Кездесу  соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #пірматов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін 14:20

Алматыда «Студенттік спорт лигасының» республикалық финалы басталды

Бүгін 14:15

Мемлекеттік қызмет – елге қызмет етудің жауапты жолы

Бүгін 14:13

Қолшатыр қауіпсіздікке қалқан бола ала ма?!

Бүгін 12:35

Әскери оркестр әуенімен өткен соңғы қоңырау: Алматыдағы №210 мектеп-лицейде ерекше шара өтті

Бүгін 12:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);