AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Түркия Сыртқы істер министрі Хака...

Мемлекет басшысы Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданды қабылдады

Саясат 11.09.2023, 13:35 1,479
Мемлекет басшысы Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданды қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданды қабылдады.


Президент, ең алдымен, Хакан Фиданды Түркияның Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оның қазақ-түрік қатынастарын одан әрі дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл толатынын атап өтіп, бұл бауырлас мемлекет үшін тарихи белес екенін жеткізді.



«Бір ғасырдың ішінде Анадолы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салада орасан зор табысқа жетті. Аймақтық және жаһандық мәселелерді шешуге белсенді және табанды түрде атсалысып, әлемнің беделді мемлекетіне айналды. Мен Түркияның ғасырлық мерекесіне орай Астана көшелерінің бірін «Анадолы» деп атауды тапсырдым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Мемлекет басшысы Түркия – біздің аса маңызды стратегиялық серіктесіміз екеніне назар аударып, екі ел басшыларының кездесуінде жоғары деңгейдегі көптеген уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты.



«Бауырлас елдеріміздің қарым-қатынасы кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілді. Түркия еліміздің негізгі төрт сауда серіктесінің біріне айналды. Былтыр екіжақты тауар айналымы 54 пайызға өсіп, 6,3 миллиард долларға жетті. Осы көрсеткішті жақын арада 10 миллиардқа жеткізуге келістік. Екі ел арасында инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатыр. Түркия – Қазақстанның ең ірі 10 инвесторының бірі. Қазір жалпы құны 2,8 миллиард доллардан асатын 36 жоба бойынша жұмыс жүріп жатыр. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағы зор деп ойлаймыз», – деді Президент.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қабылдау #Түркия #Сыртқы істер министрі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);