AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылық...

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады

Саясат 01.04.2024, 14:46 1,123
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады
Сурет: Ақорда кz

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.



Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі туралы баяндады, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Руслан Жақсылықов әскери бөлімды шелердің жедел іс-қимылдарға және жауынгерлік дайындығы, басқару органдары мен жеке құрамды оқытуға бағытталған негізгі күш-жігер жөнінде айтты.


Сонымен қатар Қарулы Күштердің дағдарыс жағдайында, оның ішінде қазіргідей су тасқынына қарсы күрес кезінде орталық және жергілікті билік органдарымен тиімді байланыс орнатуы маңызды екеніне назар аударылды.


Президентке Қарулы Күштерді заманауи техникамен және қару-жарақпен жарақтандыру, аумақтық қорғаныс әскерлерін күшейту, әскери инфрақұрылымды жетілдіру ісі жөнінде мәлімет берілді. Қазақстанның ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында 2024 жылға жоспарланған шаралар, сондай-ақ ауқымды оқу-жаттығу жиындарын, оның ішінде халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізу жайында айтылды.


Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына ведомствоның жауынгерлік-патриоттық тәрбие беру, көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру, әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін және әскери қызметтің беделін арттыру жұмыстары туралы баяндалды.


Президент БҰҰ аясында Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлік контингент қызметінің маңызды екенін атап өтті.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саясат #қорғаныс #жауынгер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);