конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнім...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматы 25.10.2023, 02:15 1,695
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Бүгін - елімізде Республика күні.


Ақорданың ресми сайты Президент құттықтауын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Құрметті отандастар!


Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Қазақстанның тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы – елдігіміздің берік тұғыры. Онда мемлекетіміздің аумақтық тұтастығының мызғымастығы, халқымыздың жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуға ұмтылысы және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі нақты көрініс тапқан. Осы басты қағидаттар Конституциямызда, заңдарда және Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарын белгілейтін басқа да құжаттарда көрсетілген.


Республика күні ырысты ынтымақ пен өзара тілеулeстіктің арқасында халқымыздың барлық сын-қатерден сүрінбей өтіп, азаттыққа жеткенін әйгілейді. Біз бабалар аманатына адал боламыз. Ел бірлігін әрдайым нығайта береміз. Егемендігімізді қадір тұтып, көздің қарашығындай сақтаймыз.  


Халқымыз тату-тәтті әрі берекелі қоғам құруға бар ерік-жігерін жұмсайды, жасампаз ісімен жаңа белестерді бағындырады. Әрбір отандасымыз Адал азамат деген атқа лайық болып, елімізді дамытуға салмақты сөзімен, өнегелі ісімен үлес қосады.   


Біз бірге мақсатымызға  жетеміз –  баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрамыз.


Байрағымыз көк аспанда асқақ желбіресін!


Ұлттың рухы қашанда биік болсын!


Еліміз өсіп-өркендей берсін!


Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #құттықтау #Республика күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қой етінің сапасын жаңа деңгейге көтеретін технология әзірленді

Бүгін 12:28

ЖИ әлеуметтік қызмет көрсетудің объективтілігі мен жылдамдығын арттырады

Бүгін 12:24

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеу аяқталды

Бүгін 12:05

Қатерлі ісікті емдеуге болатын кезде ерте анықтау керек: Қазақстанда жаңа скрининг іске қосылады

Бүгін 11:47

Алматылық дәрігерлер биіктен құлаған 34 жастағы әйелді аман алып қалды

Бүгін 11:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);