Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қаб...

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Билік 14.12.2021, 11:19 1,342
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президентке еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, соның ішінде халыққа вакцина салу жұмыстарының қарқыны туралы мәлімет берілді


Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, инфляциямен күрес, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Асқар Мамин Қазақстанның экономикасы пандемия жағдайына сәтті бейімделіп, экономикалық өсімнің қарқынды дамып келе жатқанын айтты. 11 айдың қорытындысы бойынша ІЖӨ 3,8 пайызға артқан.


Президентке биылғы қаңтар-қазан айлары аралығындағы сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Премьер-Министрдің мәліметіне сәйкес сыртқы сауда көлемі 82,2 миллиард долларды құрады. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 14,1 пайыз артық. Сонымен қатар экспорттың көлемі 23,5 пайызға көбейіп, 49,1 миллиард долларға дейін жеткен. Ал өңделген тауарлардың экспорты 24,4 пайызға артқан. Сауда теңгерімі 16 миллиард долларға жеткен. 


Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру, Инфляцияға қарсы іс-қимылдың кешенді шараларын жүзеге асыру жөнінде баяндалды.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, соның ішінде халыққа вакцина салу жұмыстарының қарқыны туралы мәлімет берілді.


Асқар Мамин Президентке сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту ісін күшейтуге, шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыруға, өңірлерді дамытуға, өңдеу секторының өсімі есебінен экономиканың құрылымдарын одан әрі әртараптандыруға бағытталған шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қабылдау #эпидемиологиялық ахуал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кенеге қарсы күрес жүріп жатыр: мамандар осы жолы 2,3 мың гектар жерді дәрілеп шықпақшы

Бүгін 12:33

Қазақстанда құстың 20 жаңа түрі табылды

Бүгін 12:18

Алматы қаласының Алмалы ауданында 60 тұрғын үйдің қасбеті жаңарады

Бүгін 12:15

Марқұм Нұрай Серікбайдың ісі: күдікті психикалық емдеу орталығына жатқызылған

Бүгін 12:13

Қазақстанда кейбір кітаптарды сақтағандар жауапқа тартылмақ

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика