AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда пластик қалдықтарынан жиһаз жасалады

Алматыда пластик қалдықтарынан жиһаз жасалады

Алматы Бүгін 14:28 55
Алматыда пластик қалдықтарынан жиһаз жасалады
Алматы әкімдігі

Оқушылар жинаған 120 мыңнан астам пластик қақпақтан «Оңтүстік» саябағына арналған 11 орындық жасалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы әкімдігінің қолдауымен Satbayev University базасындағы эко-хабта «Жиһазыңды жаса» акциясы өтті. Қала тұрғындарына пластик қалдықтарының дайын бұйымдарға қалай айналатыны көрсетіліп, жобаға қатысу шарттары түсіндірілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері хабарлады.

Іс-шараға Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаев, URBIO зауытының өкілдері, сондай-ақ ECO Network пен Эко-хабтардың негізін қалаушы Евгений Мухамеджанов қатысты. Олар қайта өңделетін шикізатты өңдеу бағытындағы бірлескен жұмыстар туралы айтып берді. Акция жеңімпаздары тәжірибесін бөлісіп, сыйлықтарға ие болды.

Жоба шартына сәйкес, тұрғындар пайдаланылған пластик жеміс жәшіктерін Эко-хабтарға тапсыра алады. Жиналған шикізат ECO Network цифрлық платформасында есепке алынады. Қажетті көлем жиналғаннан кейін оны жиһазға және басқа да бұйымдарға айырбастауға болады.

Алматыда мұндай өндіріс қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Мәселен, оқушылар жинаған 120 мыңнан астам пластик қақпақтан «Оңтүстік» саябағына арналған 11 орындық жасалды. Оған шамамен 250 келі пластик жұмсалған.

2024 жылдан бері «Мейірімді қақпақша» жобасы аясында алматылықтар миллионнан астам қақпақ жинаған. Олардан шахмат жиынтықтары, салпыншақтар, шырша ойыншықтары және басқа да бұйымдар жасалады.

Қалада ECO Network желісінің екі эко-хабы жұмыс істейді. Олар Марков көшесінде және Satbayev University базасында орналасқан. Мұнда қайта өңдеуге болатын түрлі қалдықтар қабылданып, экологиялық акциялар өткізіледі. Сондай-ақ келушілерге қалдықтарды қайта пайдалану технологиясы таныстырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

Бүгін 15:15

Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады

Бүгін 15:11

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушысымен кездесті

Бүгін 14:30

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

Бүгін 14:00

Қазақстанда жыл соңына дейін үш жаңа әуежайдың құрылысын аяқтау жоспарланған

Бүгін 13:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);