AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы...

Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады

Саясат Бүгін 15:11 44
Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады

Құрылтай депутаты Айдос Сарым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша үндеу жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ол құжатта қамтылған маңызды бастамалар мен нақты мақсат-міндеттер қоғам тарапынан үлкен қолдау тапқанын атап өтті.

– Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – жаңа жоспарларымыз бен іс-қимылымыздың доктринасы. Жолдауда алдымызға тарихи міндет қойылып отыр. Ол – бүкіл экономикалық капиталды инфрақұрылымды түбегейлі жаңартуға, әлеуметтік саланы сапалы дамытуға және қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге жұмылдыру. Игі бастаманың өзегінде адам мен оның құқығы, қадір-қасиеті және ертеңгі күнге деген сенімі тұр, – деді депутат.



Сөзін қорытындылай келе, Айдос Сарым Құрылтай Президент айқындаған ұлттық жаңғыру бағдарламасын толық қолдайтынын, оны заңнамалық тұрғыда ілгерілетуге бар күш-жігерін жұмсайтынын айтты. Ол осындай тарихи сәтте әр азаматты, тұтас қоғамды мемлекетіміздің өркендеуі үшін бірігуге, игі істерге тізе қосуға шақырды.

Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай бұл үндеу барлық фракция депутаттарының ортақ ұстанымы екенін айтып, әріптестерін Президент бағдарын қолдауға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада аса маңызды материалдарды зерттейтін Ұлттық зертхана құрылады

Бүгін 16:10

Елімізде әуе кемелерінің паркі 10 ұшаққа дейін ұлғайтылмақ

Бүгін 16:04

Нұрлыбек Нәлібаев: 200-ге жуық жаңа кәсіпорын іске қосылады

Бүгін 15:45

Құрылтай Президенттің Жолдауда жариялаған бастамаларын қолдады

Бүгін 15:30

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);