AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушысым...

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушысымен кездесті

Білім және ғылым Бүгін 14:30 35
Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушысымен кездесті
Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Технологиялық экожүйе және білім

Қасым-Жомарт Тоқаев Network School жобасының Қазақстандағы технологиялық экожүйенің қалыптасуына қосқан үлесін жоғары бағалап, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Президент еліміз технологияны терең меңгерген көшбасшылардың жаңа буынын тәрбиелеу үшін білім, ғылым және цифрлық құзыретке белсенді инвестиция салып жатқанына назар аударды.
Осы орайда, Мемлекет басшысы жобаның негізін қалаушыға жуырдағы Жолдауында жарияланған «Халықтық құрылыс» бастамасы келешек ұрпаққа маңызды әрі шын мәнінде салмақты мұра қалдыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Әлеуметтік инфрақұрылым және серіктестік

Бағдарлама аясында жаппай әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын, соның ішінде мектептер, университеттер мен медицина мекемелерін салу жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Network School Kazakhstan желісінің іске қосылуын және жобаның Қазақстан университеттерімен, стартаптарымен, сондай-ақ технологиялық кәсіпорындарымен серіктестікті кеңейту ниетін құптады.
Сонымен қатар Президент Astana AI Film фестиваліне инвестициялық тұрғыдан қолдау көрсеткені үшін Баладжи Шринивасанға ризашылығын білдірді.

Жобаның бағыттары және марапат

Network School негізін қалаушы Қазақстанда озық технологиялық шешімдер мен экономиканың дәстүрлі салалары үйлесім тауып отырғанын айрықша атап өтті.

Баладжи Шринивасан Network School Kazakhstan жобасының басым бағыттарын таныстырды. Онда цифрлық шешімдерді ілгерілету, адам капиталын дамыту және инновациялық әзірлемелерді енгізуге қолайлы жағдай жасау көзделген.

Мемлекет басшысы еліміздегі жасанды интеллект пен инновацияны дамытуға қосқан үлесі үшін Баладжи Шринивасанды II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #білім #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада аса маңызды материалдарды зерттейтін Ұлттық зертхана құрылады

Бүгін 16:10

Елімізде әуе кемелерінің паркі 10 ұшаққа дейін ұлғайтылмақ

Бүгін 16:04

Нұрлыбек Нәлібаев: 200-ге жуық жаңа кәсіпорын іске қосылады

Бүгін 15:45

Құрылтай Президенттің Жолдауда жариялаған бастамаларын қолдады

Бүгін 15:30

Мемлекет басшысы Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады

Бүгін 15:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);