Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді

  • 14:38, 08 қазан 2025
Мемлекет басшысы макроэкономикалық тұрақтылық мәселелеріне арналған жиын өткізді Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық даму сапасын арттыру және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Жиынға премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Ұлттық банктің төрағасы, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің жетекшілері мен Үкімет мүшелері қатысты.

Кеңес барысында макроэкономикалық орнықтылықты нығайту, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету шаралары қаралды.

Президент халықтың табысын жақсартуда саннан сапаға көшудің маңызды екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы орнықты дамыту үшін барлық жауапты мемлекеттік органдардың жүйелі жұмыс істеуі керек екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:49

16:55

15:35

14:39

14:04

12:22

11:48

11:01

10:11

09:47

09:02

17:58

17:48

17:41

17:30

17:14

17:04

16:44

16:31

16:07

15:49

15:38

15:27

15:10

14:57